Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы Сауран ауданында жұмыс сапармен болды. Ол Қарашық ауылдық округіндегі «Тұран» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Шаруа қожалық мақта егумен айналысады. Биыл 800 гектар егістік жерге "Түркістан" сортындағы мақта еккен. 1 гектардан 45 цн өнім алынады деп күтілуде.
Мамандардың ресми мәліметіне сүйенсек Сауран ауданы бойынша былтырғы жылы 12771,9 гектар егістік жерге шитті мақта егіліп, (33 цн) 42147 тонна өнім жиналған. Биылғы жылға 11666,0 гектар егілген. Болжам көлемі (34 цн) 39665 тонна жиналады деп күтілуде. Бүгінгі күнге 155,0 гектар мақта терілген көрінеді. Ауданда 6 мекемеге қарасты 16 мақта қабылдау бекеті мақта қабылдауға дайын.
Ауылшаруашылық бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек Сауран ауданы бойынша 2022 жылы шет мемлекеттерге мақта дақылдарын өткізген. Олар:
«Картекс Агро» АӨК - Ресей федерациясына ауыр жүк көліктері арқылы 200 тонна мақта жіберген. «Картекс Агро» АӨК - Чехия, Латвия елдеріне SIA «Trans Trade Logistic» логистикасы арқылы 200 тонна мақта жіберген. «Goldеn Cotton» ЖШС – Ресей Федерациясына 136 тонна, Иран еліне – 250 тонна, Молдова еліне – 100 тонна мақта дақылын жіберген. Сауран ауданы бойынша мақтаны терең өңдейтін кәсіпорындар жоқ.
– Біздің мақсат мақта жиын-терімін өз деңгейінде аяқтау. Зауыттарға келіп, ондағы шикізатты қабылдауға арналған құрылғылардың жағдайын білу, диқандар өнімін жекеменшік зауыттарға өткізгенде барынша тиімді сатуына ықпал еткіміз келеді. Әрине зауыттар да, диқандар да жеке кәсіпкер боп саналады. Алайда біз мемлекет тарапынан екіжақты келісімдер жасасуға көмектесіп, бақылауда ұстағанымыз дұрыс, – деді Ермек Кенжеханұлы.
Бүгінде Түркістан облысында мақта кластерін дамытуға күш салынып жатыр. Бұл мақсатта шитті мақтаны сатудан бөлек, мақта талшығын терең қайта өңдеуге басымдық беріледі. Өңірде жеңіл өнеркәсіп жетекші салаға айналып, ауыспалы егіс жүйесі қолға алынатын болады.
— Түркістан облысы мақта өсіретін жалғыз өңір болғандықтан, мақта кластерін дамытуға күш салынып отыр. Бұл тұста Үкімет тарапынан да, облыс әкімдігі тарапынан да барынша қолдау көрсетілуде. Жергілікті атқарушы билік органдары үшін бұл бағытты барынша дамыту, халықаралық нарыққа шығу маңызды. Біздің өңірімізде өндірісті дамытудағы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, өңірлік бағдарламаларды қабылдау, осы бағыттағы жұмыстарға күш салу, жеңіл өнеркәсіпті арттыру арқылы жаңа жұмыс орындарының көптеп ашылуына мүмкіндік беру үлкен маңызға ие, — дейді Ермек Кенжеханұлы.
Айта кетейік, Түркістан облысы еліміздің мақта өсіретін жалғыз өңірі болып табылады. Түркістан облысы әкімдігінің мәліметінше, бұл салада 70 мыңға жуық диқан жұмыс істейді. Былтырғы жылы 362 мың тонна мақта жиналса, биыл 300 мың тонна деңгейінде күтілуде. Жаппай егін жинау науқаны қыркүйектің үшінші онкүндігінде басталады.
Аймақ әкімдігі мақта-тоқыма кластерін салу жобасын әзірледі. Ол толық іске асырылған жағдайда өңірде 75 зауыт, кәсіпорын және фабрика салу есебінен 9 мақта тоқыма кластері құрылатын болады. Күтілетін нәтиже – 40 мыңнан астам жаңа жұмыс орны, бюджетке жыл сайын шамамен 26,2 миллиард теңге түсім. Жобаны толық іске асыру үшін инвестициялық субсидиялар қажет. Өзбекстанмен екіжақты ынтымақтастықты дамыту аясында Global Textile компаниясымен тоқыма кластерін құру жөніндегі бірлескен жоба іске асырылуда. Компания облыста тоқыма бұйымдарын өндіруді жолға қоюға ниетті.
Сондай-ақ отандық тоқыма кәсіпорындарын қолдау үшін әкімдік мемлекеттік сатып алу шеңберінде отандық қамту үлесін 70 пайызға дейін арттыруды ұсынды. Содан кейін қорғаныс, білім беру, медициналық, теміржол және басқа салалардан тоқыма өнімдеріне сұраныс отандық өнімдермен қамтамасыз етілуі мүмкін.
Елде тоқыма, тігін өнеркәсібімен қатар жергілікті тұқым шаруашылығын дамыту да мақта саласын толыққанды дамыту үшін қажет. Жергілікті тұқым шаруашылықтары мақта өсірушілердің қажеттіліктерінің тек 55 пайызын тұқыммен қамтамасыз етеді.
Бұдан басқа, тауар өндірушілерді жергілікті өндірістің тұқымымен толық қамтамасыз ету үшін облыс аумағында орналасқан аграрлық саланың ғылыми мекемелерін әкімдіктің басқаруына беру ұсынылады.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалинның айтуынша, мақта шаруашылығы саласының мәселелері барлық мүдделі тараптардың қатысуымен түрлі диалог алаңдарында бірнеше рет талқыланды. Негізгі субсидиялардан басқа (минералды тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқымдар, жеңілдетілген несиелер және т. б.) саланы қолдау бойынша шаралар қабылдануда.
«Ірі түрік мақта тұқымын өндірушілермен жүргізілген келіссөздердің нәтижелері бойынша 1000 тонна элиталық тұқым жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, алайда фермерлер оларды толық сатып алған жоқ. Ел аумағында халықаралық талаптарға жауап беретін сипаттамалары бар мақта сорттарын өсіру үшін түрік селекционерлерімен бірлесіп 37 мақта сорты егілді. Бұдан басқа, субсидиялау қағидаларына фермер мен зауыт арасындағы шарттар негізінде субсидиялар алу мүмкіндігін көздейтін өзгерістер енгізілді», — деп атап өтті Ауыл шаруашылығы вице-министрі.
Сондай-ақ мақта тұқымын субсидиялау нормативтерін арттыру мәселесі шешілу сатысында тұр. Ауыл шаруашылығы министрі бұйрығының жобасы әзірленді, онда элиталық мақта тұқымдары бойынша нормативтерді қазіргі 300 мың теңгеден 653,1 мың теңгеге дейін көтеру көзделеді, бұл — сапасы жоғары импорттық тұқымдардың қазіргі құнының 70 пайызы.
Кеңес қорытындысы бойынша министрлікке Ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспарда мақта шаруашылығының тұқым шаруашылығымен айналысуға қолдау көрсету жөніндегі іс-шараларды көздеу тапсырылды. Атап айтқанда, отандық тұқым өндірісін субсидиялауды 80 пайызға дейін ұлғайту, түрік тұқымына ұқсас тұқым сапасының стандартын әзірлеу. Болашақта мемлекет қызметі белгіленген стандарттарға сәйкес келетін фермерлік шаруашылықтарға қолдау көрсететін болады. Түркістан облысының әкімдігі мақта саласын дамытудың және мақта кластерін қолдаудың өңірлік бағдарламасын әзірлейді және бекітеді. Өнеркәсіп министрлігі басқа мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, өз сатып алуларындағы қазақстандық қамту үлесін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізеді.
Сонымен қатар өнімділікті арттырып, ылғалдың сақталуына оң әсер ететін мақта шаруашылығында топырақтың лазерлік жоспарлағышын пайдаланудың табыстылығын ескере отырып, АӨК нысандарына осы техниканы сатып алуға өтемақы үлесін ұлғайтуды қарастыру туралы шешім қабылданды.
Осы ретте назар аударар тағы бір жайт, биыл жыл басында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен Түркістан облысы агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған Тұжырымдамасы әзірленді. Тұжырымдама аясында 2027 жылға дейін жалпы өнім көлемі мен еңбек өнімділігін 2 есе, салаға тартылатын жеке инвестициялар көлемін 6 есеге ұлғайту, қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 2,3 есеге ұлғайту міндеттері қарастырылған.
Тұжырымдама жобасы ағымдағы жылдың ақпан айының 7 – 10 күндері аралығында облыс әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының төрағалығымен барлық аудан, қала әкімдіктерінің салалық орынбасарлары, бөлім басшылары, мамандарымен жан-жақты талқыланып, 2023 жылға арналған 37 даму көрсеткіші ауыл округтері кесіндісінде, аудан/қала әкімдерімен бекітілді.
Сонымен, 2023 жылы мақта кластерін дамыту келесі көрсеткіштерге қол жеткізіледі деген меже бар:
Тоқыма және тігін өнеркәсібі дұрыс дамымағандықтан, мақта талшығының бағасы Ливерпуль мақта биржа индексіне тікелей тәуелді болып отыр.
Елде мақта талшығын терең өңдейтін 3 кәсіпорын бар («Azala Textile» ЖШС, «Azala Cotton» ЖШС, «Ютекс-KZ» АҚ). Бүгінгі таңда тек 2 кәсіпорын жұмыс істейді, облыста өндірілген мақта талшығының 18 пайызға жуығы қайта өңделеді.
Бұл ретте мақта кластерін дамыту үшін 5 жылда Мақтаарал, Ордабасы, Сауран, Шардара, Жетісай аудандарында 12 тоқыма тігін фабрикасын ашу көзделуде. Нәтижесінде, мақта талшығын терең қайта өңдеу көлемін 17,0 мың тоннадан, 66 мың тоннаға ұлғайтылатын болады.
Қазіргі таңда, жалпы құны 22 миллиард теңгені құрайтын 3 инвестициялық жобаны мемлекеттік жылдық 4 пайыздық мөлшерлемемен несиелендіру жөнінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныс енгізілді.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен мақта-тоқыма кластерін салу жобасы әзірленді. Ол толық іске асырылған жағдайда өңірде 75 зауыт, кәсіпорын және фабрика салу есебінен 9 мақта тоқыма кластері құрылады. Нәтижесінде 40 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, бюджетке жыл сайынғы түсімдердің көлемі 26,2 миллиард теңгеден аспақ. Жобаны толық іске асыру үшін инвестициялық субсидиялар қажет. Осы орайда Өзбекстанмен екіжақты ынтымақтастықты дамыту шеңберінде «Global Textile» компаниясымен тоқыма кластерін құру жөніндегі бірлескен жоба іске асырылуда. Компания облыста тоқыма бұйымдарын өндіруді жолға қоюға ниетті.
Мақта саласын тоқыма және тігін өнеркәсібімен толыққанды дамыту үшін жергілікті тұқым шаруашылығын дамытуға күш салынған. Жергілікті тұқым шаруашылықтары мақта өсірушілердің қажеттіліктерінің тек 55 пайызын қамтамасыз етеді. Тауар өндірушілерді жергілікті өндірістің тұқымымен толық қамтамасыз ету үшін облыс аумағында орналасқан аграрлық саланың ғылыми мекемелерін әкімдіктің басқаруына беру ұсынылады.
Мақта шаруашылығы саласының проблемалық мәселелері барлық мүдделі тараптардың қатысуымен түрлі диалог алаңдарында бірнеше рет талқыланды. Негізгі субсидиялардан басқа (минералды тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқымдар, жеңілдетілген несиелік ресурстар және т.б.) саланы қолдау үшін шаралар қабылдануда. Түркияның мақта тұқымын өндіруші ірі компанияларымен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде 1 мың тонна элиталық тұқым жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. «Наманган – 77» тұқымдық шиті сынама ретінде егілді. Алайда фермерлер жаңа тұқымын ауыстыруға асықпай отыр.
Шаруалармен кездесуге келген Global Textile компаниясының өкілі зертхана нәтижесімен бөлісті. «Наманган» мақтасы еуропалық сынамалардан өткен және барлық талаптарға сай. Сапа артпай, сұраныс өспейді. Сондықтан болашақта мемлекет қызметі белгіленген стандарттарға сәйкес келетін фермерлік шаруашылықтарға ғана қолдау көрсетеді.
– Мақта өсіретін жалғыз өңір болғандықтан Түркістан облысында мақта кластерін дамытуға күш салынып отыр. Біз үшін бұл бағытты барынша дамыту, халықаралық нарыққа шығу маңызды. Жеңіл өнеркәсіпті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарының көптеп ашылуына мүмкіндік беру үлкен маңызға ие, – дейді Дархан Сатыбалды.
Түркістан облысында мақта-тоқыма кластерін құру жобасы әзірленген. Ос іске асқанда 75 кәсіпорын салынбақ. Жобаны толық іске асыру кезінде 41,9 мың жаңа жұмыс орны құрылады, жыл сайын бюджетке түсетін түсімдер сомасы 26,2 миллиард теңгені құрайды. Жобаны толық іске асыру үшін инвестиция қажет. Осыған байланысты мақта-тоқыма кластерін құру бойынша салалық бағдарлама қабылдау жөнінде ҚР Үкіметіне ұсыныс енгізілген.
Оған қоса, мақта алқаптарын қысқарту, егістікті әртараптандыру бойынша да жұмыстар басталған. Жүгері, маш өнімін егуге ұсыныс берілген. Бүгінде диқандар бұл бағытта да жұмыс жүргізуде. Сарапшылардың айтуынша, аталған дақылдардан түсетін табыс мол әрі сұраныс та жоғары.
Жалпы, Сауран ауданында ауыл шаруашылығы саласы қарқынды өсіп келеді. Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сәкен Оразбаевтың мәлімдеуінше, биыл аталған саланың негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемі 8 айдың қорытындысымен 3 миллиард 973 миллион теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6 есеге артқан. Сонымен қатар, биыл 44 080 гектар жер игеріліп, өткен жылдың тиісті кезіңімен салыстырғанда 2 057 гектарға көбейген.
Айта кетерлігі, 44 080 гектар жердің 11 666 гектарына шаруалар мақта еккен. Ал, аудан бойынша жылыжай өсіруді 12 гектарға жеткізу жоспарланса, бүгінгі таңда бұл меже 100 пайызға толық орындалған.