Бүгін Сауран ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ербол Жанғазиев бастап, аудан әкімінің орынбасарлары Серік Садибаев пен Мақсат Таңғатаров Иассы және Оранғай ауылдық округі тұрғындарымен арнайы кездесіп, олардың өзекті мәселелерін тыңдады.
Кездесуді ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ербол Жанғазиев ашып, күн тәртібіндегі мәселені жиналған көпшілікке таныстырды. Бұдан соң аудан әкімінің орынбасары Мақсат Таңғатаров аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.
Аталған ауылдық округтерде өткен кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан көптеген мәселелер көтерілді. Атап айтсақ, Иассы ауылдық округі бойынша ауыл тұрғындарының басты талабы ауыз су мәселесін алға тартты. Сонымен қатар, тұрғын үйлердегі электр жарығының нашарлығын, жаңа трансформатор орнатуын, электр бағаналарының тозығы жеткенін, Еңбекші Дихан елді мекеніне Түркістан қаласынан қоғамдық көліктің қамтамасыз етуін, жол, ағын судың тапшылығын, тегін медициналық берілетін дәрі-дәрмектің берілмеуін, елді мекендегі амбулаторияға тіс дәрігерін орналастыруын, втеринарция қызметі өз деңгейінде жұмыс жасамайтынын, елді мекеннің кіре берісіне бейне бақылау камерасын орнатуды жеткізді.
Қазақстан аграрлы мемлекет болғандықтан Иассы ауылдық округінде де тұрғындардың дені жер емген диқандар. Иассы ауылдық округіндегі жалпы жер 65 896 гектар. Ал оның 30373 гектары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер. Негізінен жергілікті тұрғындар егіншілікпен және малды бордақылауымен айналысады.
Ауыл шаруашылығының негізгі қорына тартылған инвестициялардың нақты көлемі жылдан жылға өсе түсуде. Себебі Иассы ауылдық округі облыстық деңгейдегі жолдың бойына орналасқан. Кентау қаласы да Түркістан қаласы да жап-жақын. Олардың базарына жету көп қиындық әкелмейді.
Ауыл шаруашылығының жоспарында былтыр 325 миллион теңге инвестиция тарту көзделсе, қазіргі таңда оның орындалғаны 328,2 миллион теңгеге жетіп, жоспарлы тапсырма 101 пацызға орындалған. Атап айтқанда, «Идирисов» шаруа қожалығының төрағасы Хасан Идирисов 132 миллион теңгенің инвестициясын құйса, «Тәжібай ата» шаруа қожалығының төрағасы Бахрам Тәжібаев 196,288 мың теңгені қарқынды баудың көшеттерін алуға, тамшылатып суарудың құрал жабдықтарына және бағаналардың құжаттарына жұмсады.
Ал тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексі жоспар бойынша 10 миллион теңге деп белгіленсе ол меже жүз пайызға орындалды. Оны орындаған «Көктонды ата» ауыл шаруашылық өндірістік коперативінің төрағасы Әбсадық Мырзакаримов.
Қазіргі таңда Иасы ауылдық округінің өзінде 20 гектар жылыжай бар. Оның ішінде Маматжан Зайниддинов– 0,04 гектарға, Бахадир Тажиметов Бахадир – 0,03 гектарға талапқа сай жылыжай салған. Тамшылатып суғару әдісін қолға алған шаруа қожалықтары 23 гектар жердің қожайыны.
Иассы ауылы қалаға жақын орналасқандықтан мұнда түйе өсіріп, қымыранды үзбей қалаға сатып отырғандар бар. Мәселен, «Тұмар шаруа қожалығы 22 бас түйе сатып алды. Шаруа қожалығының иесі Бейбіт Өтепов дөңгелекті жүк артатын техника сатып алса, Халил Ысқақов шөп оратын «КПИ» техникасын сатып алды. Жайылымдық жердің тарлығына қарамастан, малды қорада бордақылап жатқандар қатары көбейіп келеді. Қазіргі таңда ірі қара малдың басы 5606 басқа жеткен. Ұсақ малдың басы - 49620 бас, жылқы саны - 2594, түйе саны - 684, құс 2645-ке жетті.
Үй шаруашылығында өзінің қора-жайында мал бордақылаушылар саны артып келеді. Мәселен, Камилжан Абдихаликов 8 бас ірі қара, Абдикарим Байжанов 5 бас ірі қара, Марғуба Халметова -20 жылқы бағып отыр. Музаффар Хамидов 30 бас жылқыны үй жағдайында бағып отыр. Бұқашықтарды мал өнеркәсіптік бордақылау алаңына өткізген шаруалар «Маруф» шаруа қожалығының иесі Маруф Азимов– 200 бас бұқашық, «Нарбет» шаруа қожалығының иесі Нұржан Жүсіпбаев - 202 бас бұқашық өсіріп отыр. Ангус етті бағыттағы бұқашықтар тез семіретіндігімен мәлім. Тауарлы балық өсіруші Жансая Борисова 50 тонна балық өнімін өндірді.
Иассы ауылдық округі бойынша 4 жүйе құраушы кәсіпорындар «Түркістан» СПК, «Нұр-Сармат» ЖШС, «Алимхан-ата» шаруа қожалығы «Маруф» шаруа қожалығы жемісті жұмыс жасауда.
Құрама жем өндіру кәсіпорынының басшысы Сулейман ата шаруа қожалығының иесі Маматжан Азимовтың құрама жем шығаратын ғимаратының құрылысы бітіп, құрама жем шығаратын құрал жабдықтарын әкелу үшін Ресей федерациясымен келісім шартқа отырды.
Бұдан соң кезекті кездесу Оранғай ауылдық округіндегі мәдениет үйінде жалғасын тапты. Бұл ауылдық округіндегі тұрғындардың өзекті мәселесіне айналған электр жарығының сапасыздығы, трансформатор орнату керектігін, электр бағаналары ауыстыруды қажет ететінін, ауыз судың тапшылығын атап өтті. Бұдан бөлек, диханшылықпен айналысатын шаруалардың басты мәселесі ағын судың жетіліксіздігі, ауылдағы көпірдің жарамсыз болып қалғанын, жедел жәрдемнің кешігіп, уақытында келмеуін, сондықтан ауылдық округ орталығына бір жедел жәрдем көлігін қамтамасыз етуін сұранды.
Кездесу барысында көшелерге асфальт төсеу, жаяу жүргінші жолдарын салу, медициналық қызметтің нашарлығын айтса, ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Абитддин Пахриддинов қария ауылдағы балабақша мекемесінің жабылып қалғанын, соны қайта ашылу бағытында жедел шешім қабылдап жұмыс жүргізілмесе, тұрғындар тарапынан наразылық өршіп кетуі мүмкін екенін жеткізді.
Жоғарыда аталған ауылдық округтердегі кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан айтылған барлық мәселелер бойынша әрбір сұраққа дер кезінде аудан әкімінің орынбасарлары және тиісті бөлім басшылары бақылауға алып, шешу жолдарын қарастырды. Сонымен қатар, кездесулерге сол ауылдық округтерінен сайланған депуттаттар Абсамат Маткәрімұлы мен Абдурашит Жүсіпов те арнайы қатысып, өздері тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарын баяндап өтті.