Қазақ «өз үйім – өлең төсегім» деп бекер айтпаған. Қазақ үшін баспана киелі шаңырақ, отбасының бекерелі мекені. Сондықтан кімде-кім болса да өз үйініғ болғанын қалайды. Қазіргі нарықтық заманда баспана мәселесі өзекті болып тұр. Елімізде халық саны да жыл санап өсіп келеді. Ал бұл дегеніміз тұрғын үйге сұраныста арта түсуде деген сөз. Сондықтан мемлекет тұрғын үй саясатын барынша ұтымды жүргізіп, азаматтарды баспанамен қамтамасыз етудің жолдарын қарастыруда. «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отбасылық табыстың түрлі деңгейіне сай келетін бірыңғай тұрғын үй саясатын әзірлеуді тапсырды. Үш жыл ішінде кезекте тұрған аз қамтылған көп балалы отбасыларға тұрғын үй беру мәселесін шешу қажет, ал тұрғын үй сатып алу үшін табысы жоқ азаматтарға әлеуметтік жалға беру жағдайында тұруға мүмкіндік беру қажет.
Халық саны тығыз орналасқан Түркістан облысында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізіліп келеді. Қала, аудан орталықтарында жыл сайын мыңдаған отбасылар баспаналы болуда. Сауран ауданында да тұрғын үйдің құрылысы қарқын алған.
Яғни Түркістанның облыс мәртебесін алуы мен Сауран ауданының қайта ашылуы, өңірдің іскер қауымының жаңа жобаларды игеруіне жол ашты. Түркістан мен Сауранда мемлекеттік ғимараттар мен тұрғын үйлердің құрылысының жоғары қарқынмен дамуы қуантарлық жағдай.
Сауран ауданы бойынша алдағы уақытта бос алаңшаларды дайындап, инженерлік инфрақұрылымдық жүйелерін жүргізуге жобалау сметалық құжаттарын әзірлеу үшін бюджеттен 380 миллион теңге қаражат бөлінген жағдайда инженерлік инфрақұрылымдық жүйелері жүргізілгеннен соң тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскелері Сауран ауданы бойынша кезекте тұрған 23824 азаматтарға заң аясында табысталатын болады.
Сала мамандарының мәліметі бойынша былтырғы жылдың қорытындысымен құрылыс жұмыстары 4 миллиард 270,0 миллион теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 124,3 пайызға артқан. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 30 мың 124 шаршы метрді құрап, өсім 143,6 пайыз болды.
Ағымдағы жылдың І-тоқсанында құрылыс жұмыстары 301,6 миллион теңгені құрап отыр. Нақты көлем индексі 146,2 пайыз. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің алаңы 8 мың 14 шаршы метрді құрап, өсім 123,4 пайыз болды.
2023 жылғы 8 айдағы атқарылған жұмыстарға, дәлірегі, ауданда мақсатына сай пайдаланылмайтын және жер заңнамасын бұза пайдаланып жатқан жер учаскелерін анықтау бойынша атқарылған жұмыстар барысына егжей-тегжей тоқтала өтейік.
Сауран ауданы жер қатынастары бөлімі тарапынан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне түгендеу жұмыстарын жүргізу барысында 15 жер пайдаланушы жалпы алаңы 2 808,4 гектар жер учаскесін мақсатына сай пайдаланбай жатқандығы және жер заңнамасын бұза пайдаланып, Қазақстан Республикасы жер кодексінің 65,92,94-баптарының талаптарын сақтамағандығы, яғни жер учаскесін игерілмей жатқандығы анықталды. Анықталған жер учаскелері бойынша акт түзіліп, Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне пайдалану және табысталу заңдылықтарына қатысты тексеру жұмыстарын жүргізуге және жер учаскесің қайтаруға ықпал жасау үшін хаттар жолданған.
Жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша сауда-саттықта (аукцион) сатылған жер учаскелері туралы да мәлімет бере кетсек. Сауран ауданы Шорнақ ауылдық округі аумағынан «госреестр» сайтына 4 жер учаскесі ұсынылып, нысаналы мақсатына сай көп пәтерлі тұрғын үйлер 2023 жылы 12 қыркүйекте ойнатылып, 2022-2023 жылдары Үшқайық ауылдық округінен 7 жер учаскесі, Ескі Иқан ауылдық округінен 1 жер учаскесі ойнатылып, жалпы 18 920 666 теңге бюджеттің кірісіне енді.