Қарашықта қарымды тірлік бар

image.png

Түркістан облысының ең жас ауданы Сауранның екі жылда экономикасы өсіп, индустриясы дамып келеді. Ұлы Жібек жолының жолында жатқан ауданның потенциалы жоғары. Себебі ежелден-ақ халқы еңбекқор, саудаға және ауылшаруашылығына  жақын. Қазіргі таңда ауданның ауыл-аймақтары да көркейіп, бойына қан жүгіруде. Айталық Қарашық ауылдық округінде бүгінде оңды өзгерістер көп. 

Жалпы, Қарашық ауылдық округі аудан орталығына жақын орналасқан елді мекен.  Қарашық ауылдық округінің құрамы үш елді мекеннен құралған. Атап айтсақ, оның құрамына Қарашық, Құмтүйін, Қаратөбе елді мекендері кіреді. Онда 11068 адам тұрады.

Қарашық ауылдық округі Түркістан қаласының іргесінде болғандықтан мұндағы халықтың дені, жер емген өзбек ұлтының бейнеткеш диқан қауымы ертелі-кеш, таңның атысы, күннің батысы, шағын бау-бақшасынан шықпай, соны күтіп баптайды. Ауыл округінің жалпы ауылшаруашылық жері -15497 гектар. Оның ішінде, суармалысы -3350 гектар, жайылымы -11808 гектар. Ащысайда 3600 гектар болса, Қаратөбеде 3708 гектарға жетеді. Шабындық жердің аумағы -287 гектар. Басқа да жерлер-102 гектар шамалас.

Қарашық ауылдық округі бойынша 2,6 га жылыжай бар. Соған байланысты 2-3 өнім алу жобасы бойынша 25 жоба бекітіліп, іске асырылуда. Азық түлік белдеуі бойынша 2000 гектар жоспарланған. 

Қарашық ауылдық округінде «Картекс»агро АӨК құрылып, 39 шаруа тіркелген. Қазіргі таңда 104 шаруа қожалығында 656 гектар жер тіркеуге өткізілді. 

Қарашық өзенінен бастау алатын Көкарық арығын тазалауға 1300,0 мың теңге қаржы қаралып, тазалау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда 6 жаңа ауыл шаруашылық техника алынды.

«Маханбет» шаруа қожалығының төрағасы Калия Саулембаева 300 бас малды бордақылау алаңын салды. Ал биылға жаңадан «Рахат» шаруа қожалығының төрағасы Фуркат Айтметов 1,0 гектарға жылыжай салуда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында шағын, әсіресе, микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқаратынын атап өткен болатын. Бұл сала ең алдымен, тұрғындарға тұрақты жұмыс береді, жұмыссыздықты азайтады. Сонымен қатар, салық базасын құрап, жергілікті бюджетті нығайтады. «Сондай-ақ, жаппай кәсіпкерлікті дамыту санаға сіңген патерналистік пиғыл мен масылдықтан арылуға мүмкіндік береді. Сондықтан мемлекет алдағы уақытта да бизнеске қолдау көрсете береді», деді Президент.

Осы орайда облыс орталығы Түркістан қаласында кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетіліп, көптеген бағдарламалар қолданысқа еніп, кәсіп иелерінің игілігіне жаратылуда. Мұның барлығы өнеркәсіп, шағын және орта бизнес, бөлшек сауда, ауыл шаруашылығы саласында өз жемісін беруде. 

Осы ретте қарашықтық кәсіпкерлер барынша тиімді де табысты саланы игеруге кіріскен. Кәсіпкерлік және жұмыспен қамту саласында ауылдық округ бойынша бір мақта зауыты орналасқан. «Тұран» мақта зауытын алыс-жақындағы ағайындар жақсы біледі. Бір сүт өңдеу цехы, бір жіп иіру цехы, бір май шығаратын цехы, бір сабын өндіретін цехы, төрт дәріхана, бір диірмен жұмыс істейді.

Биыл 800 гектар егістік жерге "Түркістан" сортындағы мақта еккен. 1 гектардан 45 цн өнім алынады деп күтілуде. 

Мамандардың ресми мәліметіне сүйенсек Сауран ауданы бойынша былтырғы жылы 12771,9 гектар егістік жерге шитті мақта егіліп, (33 цн) 42147 тонна өнім жиналған. Биылғы жылға 11666,0 гектар егілген. Болжам көлемі (34 цн) 39665 тонна жиналады деп күтілуде. Бүгінгі күнге 155,0 гектар мақта терілген көрінеді.  Ауданда 6 мекемеге қарасты 16 мақта қабылдау бекеті мақта қабылдауға дайын.

Ауылшаруашылық бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек Сауран ауданы бойынша 2022 жылы шет мемлекеттерге мақта дақылдарын өткізген. Олар:

«Картекс Агро» АӨК - Ресей федерациясына ауыр жүк көліктері арқылы 200 тонна мақта жіберген және Чехия, Латвия елдеріне SIA «Trans Trade Logistic» логистикасы арқылы 200 тонна мақта жіберген. «Goldеn Cotton» ЖШС – Ресей Федерациясына 136 тонна, Иран еліне – 250 тонна, Молдова еліне – 100 тонна мақта дақылын жіберген. Сауран ауданы бойынша мақтаны терең өңдейтін кәсіпорындар жоқ. 

Одан басқа 37 сауда нүктесі бар. Бір тойхана, бес тамақтану орны, төрт наубайхана елдің игілігіне жаратылуда. Оның сыртында қалаға жиі қатынайтын автокөліктерге арналған бір желімдеу цехі, жеті автокөлік жуу орны, екі май құю бекеті орналасқан.

Қазіргі таңда Қарашық елді мекенінде «Нұр — Әсем» мал базары жұмыс жасайды.

Жұмсақ жиһаз шығарумен «Дивалюкс» ЖШС жұмыс жасап, жиһаздарын облыстарға және шет елдерге шығаруда. 2 га. аумақты құрайтын «DIVALUX» жиһаз цехі 120 адамды жұмыспен қамтып отыр. Еліміздің бірнеше аймағынан тапсырыс қабылдайтын цехта жиһаздың 40-қа жуық түрі дайындалады. Өндіріс орны қажетті шикізатты Түркия елінен алып, мамандарды өздері оқытады. Аталмыш цехта айына 500-ге жуық жиһаз құрастырылып, сатылымға шығарылады. «Бизнес жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында  кәсіпорны 370,0 миллион  теңге несие алып, цехты ұлғайтқан. 

Қарашық елді мекеніне 2 (екі) трансформатор 2 млн 100 мың теңгеге орнатылды. Қарашық елді мекенінде кәсіпкер Муютов Хуршит спорт кешенін ашып, ауыл жастарынан 400 бала спортпен айналысуда.

Береке бірлігі жарасқан ауылда емхана, пошта, АТС халыққа қызмет көрсетіп келеді. Барлығы ауыл әкімшілігімен тығыз байланыс орнатқан.

Қарашық ауылдық округін басқа өңірлерден ерекшелейтін екі нәрсесі бар екен. Бірі Қарашық ауыл мешіті жанынан балалар мен қыздарға арналған медреселер ашылған. Медресе ұстазы Осман Шариповтың айтуынша, мұнда елу бала тәрбиеленеді. 2017-2018 оқу жылында алғашқы діни сауат алу курсы болып басталды. Мұнда негізінен құранды жаттатып, әдеп курсы оқытылады. Бұдан бөлек жақында қыздарға арналған медресе жұмыс жасайды. Онда да елуге жуық қыз бала тәрбиеленеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер