«TURKISTAN FRUIT» теңдесі жоқ жоба

image.png

Облыс орталығына ең жақын орналасқан сырлы Сауран соңғы  екі жылда қарқынды дамып келеді. Әсіресе өңірге тартылған инвестициялардың ауқымы қуантарлық. Ауданда инновациялық жобалардың қолға алынып, жүзеге асырылуы ауданның  жалпы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін беріп отырғаны анық. 

Сала басшыларының мәліметінше ағымдағы жылдың 7 айында ауданда жалпы өңірлік өнім көлемі 30,7 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 111,5 пайызға артқан (2021 жылдың 8 айында 27,5 миллиард теңгені құраған). 

Соның ішінде   ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 22,9 миллиард  теңгені құрады (2021 жылдың 8 айында 21,0 миллиард теңге), нақты көлем индексі 99,3 пайыз. Өнеркәсіп саласында кәсіпорындар 5,5 миллиард теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,2 миллиард  теңгеге артты (2021 жылдың 8 айында 4,4 миллиард  теңге). Нақты көлем индексі 107,3 пайыз.

Аудандағы ең ірі инновациялық жобалардың бірі деп «TURKISTAN FRUIT» ЖШС-ны атауымызға болады. 

2023 жылға жоспарланған инвестициялық жобалардың бірі - азық-түлік белдеуін ұлғайту бойынша құны 8 миллиард  533 миллион теңгені құрайтын  инвестициялық жоба  «Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына» енгізілген. Жоба шеңберінде 400 гектар жерге қара өрік егіліп, оны өңдеп шырын шығару және 60 жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.

2021 жылы  «Түркістан» ӘКК» АҚ-ы мен «DALA FRUIT. KZ» ЖШС-гі бірлескен кәсіпорын «TURKISTAN FRUIT» ЖШС-гі құрылып, Түркістан қаласының әуежай маңынан бос жатқан 400 гектар жер телімі ресімделген болатын. Түркия елінен 220 мың дана 7 түрлі қара өрік (Formosa, Santa Rosa, Papaz, Can, Climax, Red Heart) көшеттері алынып, отырғызылды.  Израилдік технологиямен сорғы станциясы орнатылып, жер асты тамшылатып суару жүйесі жүргізілген.   Көшеттер отырғызған жылдан бастап үшінші жылы гектарынан 1-2 тоннадан өнім бере бастайды. 5-6 жылда толық құаттылыққа кіріп әр гектарынан 25-30 тоннадан өнім беретін болады.

Жобаны жүзеге асыруға мемлекет тарапынан тиісті қолдаулар көрсетілген. Жергілікті бюджеттен 1,3 миллиард теңге  бөлінген. Бөлінген қаржыға Түркістан магистралді каналынан 11 шақырым құбыр тартылып, 21 дана тік дренажды ұңғыма қазылып, 7 бірлік су жинайтын резервуар салынды. Нысанға 16,2 шақырым электр желісі тартылды. Сондай-ақ «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан 2,2 миллиард теңге  несие қаржысы алынды.

Бұл жобаның артықшылығы қара өрік өнімі алынғанға дейін, екінші өнімге 150 гектар  бақша дақылдары (100 гектар  қауын, 50 гектар қарбыз) егіліп, бүгінгі күнге 4 мың тонна өнім жиналды. Өнімдер республиканың өңірлеріне және Ресей Федерациясы нарығына экспортталды.

Кәсіпорын 2022 жылы сыйымдылығы 40,0 мың тонналық жеміс-көкөніс сақтау қоймасын салып, көтерме-тарату орталығы желісін құрған.

Айта кетейік, 2021-2025 жылдарға облыстың агоөнеркәсіптік кешені саласында 12 бағытта жалпы құны 832,3 миллиард  теңгені құрайтын 104 инвестициялық жобаларды іске асырудың  Жол картасы әзірленген. Нәтижесінде 17 169 жаңа жұмыс орындары құрылып, қосымша 352,8 миллиард  теңгенің өнімі өндірілмек.

Өңірдің потенциялын пайдалана отырып және ауданның географиялық орналасу мүмкіндігін ескере келе бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта қарқынды жүргізілетін болады. Басты мақсат жаңа жұмыс орындарын ашу және аудандағы жұмыссыздық деңгейін түбегейлі жою болып табылады. Елімізде кез келген кәсіпті меңгеріп, оны жүргізуге, дамытуға және жетілдіруге барлық мүмкіндік жасалған. Мемлекет тарапынан қолдау көрсететін арнайы бағдарламалар да жеткілікті. Сондықтан болар аудан құрылғалы бері өз кәсібін бастағысы келетін азаматтардың саны күн санап артып келеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер