Саурандық диқандар 40 мың гектардан астам жерге егін еккен

image.png

Сауран ауданында ауылшаруашылық саласы қарқынды өсіп келеді. Бұл жайында ауданның ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Сәкен Оразбаев мәлімдеді. 

Ол биыл аталған саланың негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемі 8 айдың қорытындысымен 3 миллиард  973 миллион  теңгеге жеткіндігін айтты. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6 есеге артқан. Сонымен қатар, биыл 44 080 гектар жер игеріліп, өткен жылдың тиісті кезіңімен салыстырғанда 2 057 гектарға көбейген. 

Айта кетерлігі, 44 080 гектар жердің 11 666 гектарына шаруалар мақта еккен. Ал, аудан бойынша жылыжай өсіруді 12 гектарға жеткізу жоспарланса, бүгінгі таңда бұл меже 100 пайызға толық орындалған.

Мұнан өзге ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс жұмыстарында да өткен жылмен салыстырғанда өнімді тірлік бар. Ауданға тартылған инвестиция көлемі де қомақты. Соңғы 2 жылда аудан экономикасына 38,3 миллиард теңгеден астам инвестиция бағытталып, 2 есеге өскен. Жеті айда инвестиция көлемі 15,7 миллиард теңгені құраған. 2023 жылдың қаңтар-шілде айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 5 миллиард 491,1 миллион теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 107,3 пайызды құрады. Өнеркәсіптің басымды саласы өндеу өнеркәсібінде 3 миллиард 651,6 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 107,0 пайызға жеткен. Үстіміздегі жылы 7 айдың қорытындысымен кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы арқылы кәсіпкерлік субъектілерін 800,0 миллион теңгеге жуық жеңілдетілген 6 пайыздық несиемен 11 жоба қаржыландырылды.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2021 жылғы 2 073-тен бүгінгі таңға 6 901-ге жетті немесе 4 828-ге өсті. Осы салада 8 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, өткен кезеңмен салыстырғанда 1,5 пайызға артқан. 

Ауданда 2972 шаруа қожалығы мен заңды тұлғалар бар.Заңды тұлға – 45; Шаруа қожалықтары – 2927.

Сауран аудан бойынша 8 айдың қорытындысымен мал саны 651 891 бас, құс саны 182 814 басты құрады.

Жалпы Сауран ауданы мақта шаруашылығына икемделген. Ауданға қарасты «Яссы» ауылдық округі, «Еңбекші Дихан» елді мекеніндегі «Нұр-Сармат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Әбдіманап Абдураззақов істің көзін тапқан адам. Оның егіс алқабында мақтаның тез пісетін, ауруларға және зиянкестерге төзімді, ылғалдылықты онша қажет етпейтін «Сұлтан» сұрпы егілген. 

«Негізінде облыс орталығы Түркістан қаласында егіс алқаптарындағы науқан уақытында, жиын-терін кезінде бір күнге 7000 теңге ақыға жұмыс беретіндер көп. Бірақ мақталықта жұмыс істеуге ешкімнің ынтасы бола бермейді», – дейді Ә.Абдураззақов.

Мамандар мұндай мәселені шешу жолын қарастырып, «Беларусь» тракторын пайдалану секілді мүмкіндігінше техника көмегіне иек артады екен. «Нұр-Сармат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің маманының бірі Элмурад Утенов осындай шаруаларды үйлестірумен тікелей айналысыпты. Қысқасы диханның еңбегі мен бейнеті көп. Өткен жылдан бері мақтаның бағасы алдыңғы жылдарға қарағанда өскен. Жұмсалған еңбек пен қаражат қазір бұрыңғыға қарағанда ақталып отыр.

Өзбекстаннан келген мамандар мақтаның «Сұлтан» сұрпы Қашқадаря-Сурхандаря өңірлерінде әр гектарына 75 центнерден өнім беретінін, мақта комбайнда теру үшін қолайлығын, пісіп жетілу мерзімі де ойдағыдай екендігін айтып, осы шаруашылықтағы күтімнің түсімнің деңгейіне оң бағаларын берген болатын. Өткен жыл да «Нұр-Сарматта» мақтаның «Сұлтан» сұрпын егіп, гектарына 40-45 центнерден өнім алса, биыл табыс оған қарағанда ұлғайған. Өнімділікті 2023 жылы да арттыру қарастырылып жатса керек. Ол үшін нитратсыз препараттарды пайдалану қажет. Ондай препараттың қазір сан түрі бар көрінеді. Есесіне өнімділік те артып келеді. 

Түркістан облысындағы, атап айтсақ Сауран ауданындағы мақташы дихандар мақтаның «Сұлтан» сұрпын өсіруге бүгінде біртіндеп ден қоюда. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер