Қайта түлеп жатқан Сауран ауданында жылдан жылға инновациялық жобалар жүзеге асырылып, өңірдің экономикасын көтеруде. Барлық салада оңды өзгерістерге бет бұрып жатқан ауданда білім саласына да айтарлықтай көңіл бөлінуде.
2023-2025 жылдар аралығында Түркістан облысында 89 мектеп салынуы тиіс. Ол білім ұяларында 72 мыңға жуық оқушы білім алмақ. Бүгінде өңірде білім ұяларының жобалары, жер телімдері, құжаттарын әзірлеу жұмысы басталған. Сауран ауданында үш ауысымды мектептерді, апатты жағдайдағы білім сынадарын, саман кірпіштен салынған орта білім ошақтарын жою, жақын елді-мекендерге оқушылар тасымалдау, оларды автобуспен қамту ісі жанданып келеді. Оның ішінде жақын ауылдарды сараптап, жақын елді-мекендерде оқушыларды автобуспен тасымалдауға басымдық берілуде. Инвесторлар есебінен жеке меншіктегі мектептерді көбейту де басты назарда.
Негізінде Түркістан облысында 2024 жылы – 31, 2025 жылы – 56 мектепті пайдалануға беру жоспарланғанын айта кетуіміз керек. Жоспарға сай өткен жылы Сауран ауданында бірқатар заманауи үлгідегі мектеп пайдалануға берілсе, соның бірі – 400 оқушыға арналған «Жаңа Иқан» мектебі. Жаңа Иқан ауылындағы жаңа мектептердің физика, химия, информатика, биология кабинеттері , жалпы материалдық-техникалық базасы заман талабына сай жабдықталған. мұнда 400 жасөспірім білім алып жүрса,, 50-ге жуық ұстаз, 10 кіші қызметкер еңбек етеді.
Осындай орта білім беретін білім ошағы «Дарын KZ» мектебі екенін де айта кеткен жөн. Мұнда да 300-ден астам оқушы қабылданып, 40-қа жуық ұстаз бен 10 кіші қызметкер жұмысқа қабылданған болатын. аталған білім ошақтарынан саурандықтар білімді де дарынды ұрпақ тәрбиеленіп шығатынына сенімді. Жаңа, іші заман талабына сай безендірілген, қыста жылы мектеп оқушылар білім алуы үшін өте қолайлы. Аудан құрылғалы бері бірнеше жаңа мектептің ел игілігіне ұсынылуы білім саласында игі істер атқарылып жатқанын айғақтайды.
Ал 200 орындық «Дара бала» бастауыш мектеп- балабақшасы заман қажеттілігінен бой көтерген нысан. Ол аудан орталығы Шорнақ ауылдық округінде орналасқан. «Дара бала» бастауыш мектеп-балабақшасында қазақ, орыс сыныптары, ұзартылған күн тобы, сонымен қатар балаларды түрлі өнерге баулитын домбыра, шахмат, би секілді сан түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Алдағы уақытта робототехника үйірмесін жетілдіру де қарастырылған. Сондай-ақ, балаларды тасымалдайтын арнайы көлік қызметі ұсынылған.
Сала мамандарының мәліметіне сүйенсек Сауран ауданы бойынша бастауыш және жалпы орта білім беретін 52 күндізгі мектеп жұмыс атқаруда. Ондағы балалар саны – 23 мың 963 бала (оның ішінде 11-і — жекеменшік мектеп).
2023 жылы Шорнақ ауыл округі, Қосмезгіл елді мекенінде 300 орындық мектептің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы күрделі жөндеу жұмыстарына М.Мұса, Ж.Тәшенев, Амангелді мектептерінің жобалау-сметалық құжаттары аяқталып, облыстық басқарамаға қаржы сұралды. Қосымша күрделі жөндеу жұмыстарына 3 мектептің жобалық-сметалық құжаттары әзірленді.
Сауран ауданы бойынша «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасына 5 мектеп енген. Атап айтқанда:
— Аша елді мекенінде — 600 орындық мектеп;
— Ынталы елді мекенінде — 600 орындық мектеп;
— Құмтиын елді мекенінде — 600 орындық мектеп;
— Еңбекші Дихан елді мекенінде — 600 орындық мектеп;
— С.Қожанов елді мекенінде — 300 орындық мектеп;
Бүгінгі күнге С.Қожанов, Еңбекші Дихан, Аша елді мекендерінде жайлы мектептердің құрылыстары басталды, 2024 жылы пайдалануға беріледі. Ынталы, Құмтүйін елді мекендеріндегі жайлы мектеп құрылысы келесі жылы бастау алады.
Ауданда 12 мектепте тасымал ұйымдастырылған. 1 347 баланы 2023 жылы мектеп балансындағы 11 автобус және 1 автобус (Ұлықбек жом) жеке мердігер арқылы тасымалданады. 2023 жылы 6 мектепке 6 автобус сатып алынды. (Бабайқорған — 20 орын, Қазыбек би — 20 орын, М.Қазыбеков — 20 орын, Ә.Моладғұлова — 20 орын, А.Югнаки — 20 орын, Әл-Фараби — 38 орындық).
Ағымдағы жылдың қорытындысымен Сауран ауданы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісі 41 бірлікті құрады. Соңғы 3 жылмен салыстырғанда балабақша саны 1 балабақшаға өскен. Оның ішінде жекеменшік балабақшалар үлесі 68,2 құрайды (28 балабақша).
41 мектепке дейінгі ұйымға 2-6 жас аралығындағы – 4 847 бала қамтылып, көрсеткіші 97 пайызға, 3-6 жас аралығындағы – 3 972 бала қамтылып, көрсеткіші 99 пайызға жеткен.