Аудан әкімі қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті

image.png

2021 жылы наурыз айының 12-сі күні мемлекет басшысы Түркістан облысында жаңадан тағы бір аудан – Сауран ауданын құру туралы тиісті Жарлыққа қол қойған болатын. Сауран ауданының әкімшілік орталығы болып – Шорнақ ауылы таңдап алынды. Кентау қаласының құрамынан Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтері шығарылып, Сауран ауданына өткенін білеміз.

Сауран ауданы жаңадан құрылған соң әлеуметтік-экономикалық дамуы жандана түсті. Аз уақыттың ішінде атқарылған шаруа аз емес және ауданның дамуына үлесін қосатын жоба-жоспарлар да аз емес.  

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров ауданның зиялы қауым өкілдерімен және қоғамдық ұйымдардың төрағаларымен кездесіп, ауданды дамыту бағытында өзінің алдағы уақытта атқарар жұмыс жоспарларымен бөлісіп, олардың ұсыныс пікірлерін тыңдады. 

Аудан әкімі кездесу барысында аудандағы басты мәселенің бірі ауыз су мәселесін шешу, электр бағаналарының тозығы жетіп, ауыстыруды қажет етіп тұрғанын, оған жаңа трансформаторлар орнату, елді мекендерді газдандыру, Шорнақ елді мекеніне спорт комплексі түсетінін, Бабайқорған елді мекеніне кітапхана салу жоспарланып жатқанын жеткізді.

Аудандағы барлық қоғамдық ұйым өкілдерін бір жерге топтастыру мақсатында «Ынтымақ үйін» қарастыру, аудан орталығына мәдениет үйін салу, жалпы аудан бойынша 800-ден астам тұрғын жер кезегінде тұрғанын, осы мәселені шешу мақсатында 3 қабатты 8 үйдің құрылысын салуға жер теліміне аукцион берілгенін, елді мекендерді абаттандыру, аудандағы өзекті мәселелердің шешімін табуына күш салатынын мәлім етті.

Кездесуге жиналған қоғамдық ұйым өкілдері де өздерінің ұсыныс-пікірлерінде аудан орталығына аурухана салу, тұрғын үйге учаскелік жер берілсе, орталыққа орта арнаулы оқу орны салынса деген мәселелерін ортаға салды. Алдағы уақытта қоғамдық ұйымдармен кездесу тұрақты түрде өтіп тұратын болып келісілді.

Жиын соңында қариялар игі тілектерін білдіріп, аудан әкімі Мақсат Асылбекұлының ауданды көркейту, дамыту жөніндегі жоспарларының жүзеге асуына сәттілік тілесті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер