Ауыл тазалығы - халық айнасы

image.png

Тазалық — тәртіптің тірегі, денсаулық кепілі және дамудың тетігі. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен Сауран ауданының тұрғындары  айналаны  күл - қоқысты тазалап, ауыл көшесіне шырай келтірді.

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың тапсырмасына сәйкес, бүгін ауданға қарасты 12 ауыл округте сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Сенбілікке аудан әкімдігінің дербес бөлімдері, жастар мен ауыл округ әкімдігінің қызметкерлері белсене қатысты. 

Барлық дербес бөлімдер мен ауылдық округтері өздеріне бекітілген аумақтарға тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенбілікке жалпы саны – 300-ден аса адам қатысып, 2,4 тонна қоқыс шығарылып, оған 20 техника жұмылдырылды.

Әрбір өткен сенбілікте тұрғындардың назарын ауыл көшелерінің тазалығын сақтауға аударып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор.  Ауыл тұрғындарының ауылды таза ұстауы әр азаматқа байланысты әрі сын. Ауылға келген әр қонақ алдымен ауылымызға тазалыққа қарап баға береді. Сондықтан әр тұрғынды өзінің ауласын таза ұстап, қоқысты тек белгіленген арнайы жерге тастауға міндетті.   «Ауылына қарап азаматын таны» дейді атам қазақ. Сырттан қараған сыншыл көз ауданымызға қызыға қараса мақтаныш емес пе? Осы ретте, өскелең ұрпағымыздың дені сау болсын десек, айналамыздың таза тұруына баршамыз атсалысайық, ағайын!»,- дейді ұйымдастырушылар. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер