Сауран аудандық мәслихаттың кезектен тыс Х- сессиясы өтті. Аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байысбаев төрағалық еткен сессия отырысында алты мәселе қаралды. Сессияға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров пен орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, депутаттар қатысты.
Бірінші аудан әкімдігінің дербес құрамына келісім беру мәселесі қаралды. Аудан әкімдігінің аппарат басшысы Қуандық Құлажанов баяндамасында құрам мүшелігіне аудандық ТҮКШ және АЖ бөлімінің басшысы Самат Рысбековты қосуды ұсынды. Екінші «Сауран ауданы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демогарфиялық саясат жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселе қаралды. Коммисия құрамына кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Сұлтанғали Шакиров пен АІІБ-нің "Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау" тобының аға инспекторы, полиция лейтенаты Құндыз Қалданова ұсынылды. Депутаттар ұсынылған өзгерістерді бірауыздан қолдады.
Сонымен қатар, «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы ұсыныс қаралып, қабылданды. «Сауран ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы, «Сауран ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы, «Сауран ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомоствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселелер қаралып, қабылданды.
Сессия отырысында сөз алған аудан әкімі: - Құрметті, депутаттар! Қолдау білдіргендеріңізге рақмет айтамын. Аудан бойынша жөндеуді қажет ететін 54 көпір бары анықталған. Оның 10-на ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның 5-уі аяқталды. Сонымен қатар, су вашнясын салу туралы ұсыныстар түсіп жатыр. Оны да қаржының қарымына қарай қарап көреміз. Аудан бойынша жүзден аса көше тас төсеуді қажет етеді. Ол жұмыстар келесі жылдың І-тоқсанына дейін аяқталады,-деді. Аудан басшысы кеше тағайындалған аудан әкімінің орынбасары, комиссияларға жетекшілік ететін Бақытжан Букебаевты депутаттарға таныстырды.