Инфрақұрылым - туристік әлеуетті жақсартады

image.png

Төлеби ауданының негізгі экономикалық тірегі ауыл шаруашылық саласы мен туризм екені белгілі.  Әсіресе соңғы жылдары мұнда туризм саласына айрықша көңіл бөлінуде. Жыл сайын жаңа туристік нысандар іске қосылуда. Одан бөлек туристік нысандарға баратын негізгі жолдар жөнделіп, жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. 

Айталық ауданның туристік бағыттағы жолдарда  жол таңбалары сызылып, тиісті жол белгілерімен қамтылды. Таулы аймақта жауын-шашын кезінде асфальт жабындысын су шаюдан сақтау мақсатында 14 жерде су өткізгіш құбырлар ауыстырылып, суағарлар орнатылды. 

Айта кетейік, бұған дейін облыстық маңызы бар КХ-93 «Кеңесарық-Қасқасу – Майбұлақ» (1,6 шқ) автомобиль жолы жөндеуден өтіп, пайдалануға берілген болатын.

2022 жылы жақсы және орташа жағдайдағы жолдардың үлесі 85 пайыз болса, биыл бұл көрсеткішті 90,3 пайызға жетпек.   2025 жылға дейін аудандық маңызы бар жолдар мен көшелердің 95 пайызын қанағаттандырарлық жағдайға жеткіземіз дейді мамандар.  

Тұрғындар мен туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көшелерді түнгі жарықтандыру маңызды болып отыр. Осы ретте өткен жылы ауданды мемлекеттік қаржы есебінен 12 көше (құны 60 миллион теңге), жеке инвестиция есебінен 1 көше жарықтандырылған. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер