Табыстың көзі - туризм

image.png

 Жақында Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Төлеген Телғараевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өткен болатын. Жиында ауданда туризмді дамыту мәселелері мен перспективалары туралы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Асхат Раимбеков баяндады. Бөлім басшысының сөзіне сүйенсек, аудан аумағында 85 туристік нысан қызмет көрсетеді. 2023 жылы туризм саласына 3,5 миллиард теңге инвестиция тартылып, 39,7 мың адамға 865,4 миллион теңгенің қызметі көрсетілген. Ағымдағы жылы 1,8 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Сонымен қатар, келушілердің саны 48,5 мың адамды құрап, 870 миллион теңгеге қызмет көрсету күтілуде.

Туризм саласындағы декомпозиция бойынша қойылған индикаторларды орындау және аудан бюджетіне түсетін түсімдерді ұлғайту мақсатында аудан әкімнің өкімімен арнайы жұмысшы топ құрылған. Топ туристік нысандарға барып статистика басқармасына тіркелу керектігі мен «2-Туризм» есебін тапсыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде статистика басқармасына тіркелген нысандар саны 53-ке жетіпті.

Былтырғы жылы 22 туристік нысан қайта бағалаудан өткізіліп, мүлік салығының түсімі 43 302,2 мың теңгені құрады. Сонымен қатар, 18 демалыс орнынан сыртқы көрнекі жарнама орналастырғаны үшін аудан бюджетіне 1 490,4 мың теңге салық өндірілген. 

Төлеби ауданында шағын және орта кәсіпкерлік нысандары ашылып, кәсіпорындардың өнім көлемдері артып, туристік нысандардың саны өсуінен ауданның өзіндік кірістері де артуда. Нәтижесінде, өзіндік кірістер өткен жылдың 8 айында 2 миллиард 146 миллион теңгені құрап 18,2 пайызға немесе 392 миллион теңгеге артқан. Бұл түсімдер ауданның әрі қарай дамуына өз септігін тигізуде.  

Туризмі өрістеп,  «Оңтүстіктің  Швейцариясы» атанған өлкеде  былтыр жалпы өңірлік өнім көлемі 145 млрд теңгеге жетті. Биылғы жылы бұл көрсеткішті 147 млрд теңгеге жеткізу жоспарлануда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер