Қасқасу шатқалы - табиғаттың сыйы

image.png

Елімізде саяхатшыларды қызықтыратын, көрсең көзің тоймайтын табиғаты керемет жерлер көп. Солардың бірі Төле би ауданындағы Қасқасу өлкесінің табиғаты шын мәнінде ерекше қайталанбас дүние. Таудан аққан бұлақ сыңғыры, жемісін көтере алмай тербеліп тұрған алма ағаштары, жайқалған хош иісті гүлдер қаладан мезі болған қауымға таптырмас демалыс орны. Қасқасу шатқалы - Түркістан облысының ең әсем жерлерінің бірі. Ол теңіз деңгейінен 1900 метр  биіктікте орналасқан. Шымбұлақтың 5-ін өзіне сыйдыра алатын әлеуеті бар.

    Қасқасу алмасы бүкіл аймаққа танымал. Мұнда алманың 20-дан аса түрі өседі. Өте дәмді, әрі жұмсақ. Көктемге дейін сақталу сапасымен ерекшеленді.

Жануарлар әлемі де әртүрлілігімен ерекшеленеді. Сүқоректілердің 59 түрі, құстардың 300-ге жуығы тіркелген.Аю, қасқыр, жабайы шошқа, тау ешкісін жолықтыруға болады.Өте абай, адамдардан үнемі жырақ жүруге тырысатын қар барысы(ілбіс) тау-тастың арасын мекен еткен. Мұнда жойылудың аз алдында тұрған Мензбира суырын кездестіруге болады. Бұл жануар халықаралық Қызыл кітапқа енген. Кезінде бұл суырлардың тіршілік ету аймағы бүкіл батыс Тянь-Шаньды қамтыған. Бірақ, бертін келе, саны күрт кеми бастады. Ауруды жазуға таптырмас майы мен бағалы терісі адамдар қорқауларының жемтігіне айналып отыр.

image.png

      Қасқасу шатқалында өсімдіктің 1500-ден аса түрі өседі. Ағаштардың түрлері өте көп. Ең танымалы-түркістан аршасы. Бұл аршаның таулар өміршеңдігі мен әкожүйеге ықпалы өте зор, себебі, қардың уақытында еруін қамтамасыз етеді. Жемісімен көптеген аңдар қоректенеді. Аршаның бойы ылдидан тау шыңына қарай төмендей береді. Өте жай өседі, жылына бой өсімі 1 см-ден аспайды. Аршаның өмір сүру ұзақтығы 500-600 жыл, 4 мың жылға дейін жасаған аршалар бар. 

Бүгінде шатқалға келіп демалатын туристердің саны жыл санап артып келеді. 

image.png


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер