Қасқасу қысқы туризмнің төресі

image.png

Төлеби ауданындағы Қасқасу шатқалы тау туризмі үшін таптырмас орын. Сол себептен мұнда «Қасқасу» туристік - рекреациялық кешені» ірі жобасы жүзеге асырылуда. Сайрам-Өгем МҰТП аумағында 360 га жерде орналасқан кешен аймақта тау-шаңғы туризмін, сондай-ақ қысқы спорт түрлерін дамытуға бағытталған. Теңіз деңгейінен 1 750-ден 3 200 метрге дейінгі биіктікте шаңғы трассалары, арқанды және бөген жолдары, көтергіштер, қонақүйлер, мейрамханалар, аквапарк, Альпі ауылдары, ойын, спорт және жаттығу орталықтары бой көтеруде. Салыстыру үшін айтар болсақ, Шымбұлақ 2 260-ден 3 163 метр биіктікте орналасқан.

image.png

  Жоба туристік саланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының өңірлік маңызы бар туристификациялау картасының ТОП – 50 нысанның тізіміне, сондай-ақ Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына енгізілген. Жоба жүзеге асырылғанда 5000-ға жуық жұмыс орнын құру күтілуде. Кешен толық іске қосылған кезде шаңғы трассаларының ұзындығы 30 шақырымды құрап, бір мезгілде 11 мың адамның қоңыр күзден көктемнің ортасына дейін демалуына мүмкіндік жасайды.  Яғни мұнда күніне 4 000-ға жуық  адам келіп, 2 000-ға жуық шаңғышы бір мезетте шаңғы тебе алады. Демалыс, әрі саяхат кешені алыс-жақын шетелдіктерді де қызықтыратыны сөзсіз. 

image.png

 Жалпы  Қасқасу шатқалында тау шаңғысы курортын салу идеясы бертінге ғана пайда болған жоқ.  Сонау Босния және Герцеговинаның астанасы Сараевода 1984 жылы қысқы Олимпиада өткеннен кейін Қазақстанның басшылығы югославиялық мамандарды республикада тау шаңғысы кешенін салу үшін қолайлы орындарды таңдауға шақырған. Сонда осы Қасқасу аумағы лайық деп танылған екен. Бірегей жоба 1990 жылы бастау алғанымен  қаржының тапшылығына байланысты тоқтап қалған екен.  Арада 20 жылдай уақыт өтіп, яғни 2007 жылы аталған жоба қайта қолға алынады, ал 2009 жылы «Сайрам-Өгем» мемлекеттік табиғи ұлттық саябағына қарасты аумақтан 56,8 гектар жер телімі бөлінген.  Бүгінде кешеннің инженерлік-коммуникациялық жүйелерінің құрылысын жүргізуге 1,7 млрд. теңге қаралған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер