Алмаға бай мекен

image.png

Төлеби ауданында орналасқан TauPark Қасқасу демалыс аймағы   саяхатшылардың сүйікті орнына айналған мекен. Таудың таза ауасынан бөлек демалыс орнын өзгелерден ерекшелеп тұрған дүние — алма бақтың болуы. Мұнда велосипед тебу, теннис, воллейбол, бадминтон ойындары сынды белсенді демалыс түрлеріне басымдық берген. 

image.png

Сондай-ақ мұнда рафтингпен айналысып, балық аулап,  жаяу немесе атпен тау бөкетерін аралауға жағдай жасалған Жылқылардың барлығы қолға үйретілген. Ал қыс мезгілінде демалуышлар шаңғы тебе алады.  Салауатты өмір салтын басты назарға алған демалыс аймағында коттедждер мен киіз үйлер орналасқан. 

Жан-жағын тау шатқалдары мен жасылжелек қоршаған демалыс орны Шымкент қаласынан 65 шақырым қашықтықтағы  Жоғарғы Қасқасу ауылы маңындағы арқырап ағып жатқан Қасқасу өзені бойында таза экологиялық аймақта орналасқан. Аумағы 3 гектар.

image.png

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер