Қасқасудың тағы бір жауһары - еуропалық теңіз жағалауындағы курорттардан кем түспейтін Eco Village Kaskasu тау курорты. Тамаша инфрақұрылым мен табиғат үйлесім тапқан мекенде тынығу үшін шекара асып әуре болмайсыз. Тау бөктерінде орналасқан заманауи қонақүйлер мен коттедждерде келушілерге барлық жағдай жасалған. Ыңғайлы және пайдалы ағаш үйлердегі демалыс жанды ғана емес, тәніңізді де сергітеді. Демалыс үйлерінің құрылысына жұмсалған шайыр ағашы тыныс алу жолдарының ауруына ем және суықты жойып, бактерияға қарсы күресетін қасиеттері бар. Ағаш қабырғадан өткен ауа тазартады. Ылғалды ауа райында, артық ылғалды бойына сіңіріп, тиісті мөлшерде құрғақтық береді. Ағаш үй жазда салқын, қыста ыстық, тез қызады және мінсіз жылу өткізеді.
Демалыс аймағында адамзат пен жануарларды байланыстыратын хайуанаттар бағы бар. Ешқандай қоршаусыз, кең далада табиғатпен сырласудың не екенін осы бақты аралағанда түсінесіз. Өйткені, мұнда жылқы, бұғы, тауыс, сәндік үйректер, аққулар, көгершіндер, тасбақа және басқа да көптеген жан-жануарды қолмен ұстап және аздап тамақтандыруға болады.
Қасқасудың тағы бір ерекшелігі – экстремальды спорт түрлерінде өз күшін сынап көруге жағдай жасалған.
Түрік хамамы, орыс моншасы, фитобочкалар, бассейн, гидромассажды бассейн қызметін пайдалануға болады. Атпен серуендеу, пониге міну, велосипедпен немесе квадрациклмен қыдыруға жағдай жасалған. Демалушылар бильярд, бадминтон, дартс, үстел теннисі, шахмат, дойбы, нарды, аэрохоккейі, садақ ату сынды ойын түрлерімен көңілді уақыт өткізе алады. Бұдан өзге балық аулау, үңгірлерде экскурсия жасау ермегі бойдағы күш-қуаттың артуына сеп. Сондай-ақ, балаларға арналған ойын алаңқайлары мен бөлмелері де кішкентай саяхатшыларды риза етіп қайтарады. Қызмет бабындағы саяхатшыларға кез келген демалыс орындарында спутниктік интернет жүйесі, мәжіліс залдары қызмет көрсетуге дайын.