Цифрландыру ісінде жаңа жобалар жүзеге асуда

image.png

Облыстағы 1300 қоғамдық көліктің 1012-не (77,8%) GPS жүйесі орнатылған.

Түркістан облысы бойынша «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 343 дана жалпыүйлік автоматты жылу есептегіш құралдары, 1493 дана күн сәулесінен жарықтанатын, 6818 дана ақылды жарықтандыру құралдары орнатылды.

Оның ішінде, Түркістан қаласында 17857 дана электрді жеке импульсті есептегіш құралдары, 160 дана күн сәулесінен жарықтанатын көше жарықтандыру құралдары, 9 дана ақылды орындықтар орнатылды.

Пилоттық жоба ретінде «Отырар» м/а 10 көп қабатты тұрғын үйге (су, жылу, электроэнергия) жалпы үйлік импульстік есептегіш құралдар орнатылып, «E-Shanyraq» жүйесіне пилоттық режимде қосылды.

2020 жылы Түркістан облысы бойынша 274 көп қабатты тұрғын үйдің жалпы үйлік импульстік есептегіш құралдарын «E-Shanyraq» жүйесіне қосу жоспарлануда.

Түркістан қаласында қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пилоттық жоба ретінде Hikvision маркалы 198 бейнебақылау камерасы орнатылды.

Облыс аумағында барлық камералар жұмыс істеп тұр және 24/7 бейнені жазады. Қараңғыда бейнені көру үшін барлық камералар инфрақызыл жарықпен жабдықталған, стационарлы камераларда 50 метрге дейін, ал бұрылатын камералар (PTZ) 150 метрге дейін көру қабілеті бар.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер