Түркістанға 3 мың жыл!

8.jpg

Жуырда Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде  «Түркістанға 3000 жыл» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, аталған университеттің ректоры  Жанар Темірбекова,   ҰҒА Арехология институтының директоры, белгілі археолог Бауыржан Байтанаев, Әзірбайжандағы Шығыстану институты директорының орынбасары Шайм Мұстафаев, АҚШ-тағы  Вашингтон университетінің ғалымы Майкл Фрачетти,  Татарстан Республикасы  Ғылым Академиясы Археология институтының директоры Айрат Сидиков, Герман археологиялық институтының жетекшісі Виктор Зайберт, белгілі тарихшы, археолог  Қожа Мұхтар және басқа да ғалымдар қатысты. Осы жиында  Бауыржан Байтанаев Түркістанның жасының 3 мың жыл екендігін мәлім етті.   

Жиыннан кейін  Түркістан қаласы аумағында табылған тарихи жәдігерлердің қола дәуіріне жататынын растайтын тұжырымдамаға Америка, Әзірбайжан, Ресей, Өзбекстан және Қазақстан ғалымдары қол қойды.

Түркістан қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл тұжырымдама ЮНЕСКО-ның Парижде орналасқан бас кеңсесіне жіберіледі. Қазірде тұжырымдама бойынша, Түркістан қаласының тарихы осыдан 3000 жыл бұрын басталғаны туралы декларацияға құжаттар әзірленуде. ЮНЕСКО Комитеті мүшелері тарапынан құжаттар мақұлданған бойда, індет аяқталса Түркістанның үш мыңжылдығы аталып өтіледі деп жоспарлануда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер