Шөкеев жұртшылықты Түркістанға шақырды

10.jpg

Түркістан қаласы Бас жоспарының жобасына сәйкес, қала айналасынан 8 мыңға жуық гектар аумаққа «Жасыл белдеу» құру жоспары жыл соңына дейін толық жүзеге асады. Бұл жазы ыстық Түркістанның жасыл желекке орануына сеп болмақ. Елбасы кітапханасында «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы атты» халықаралық бейнеконференцияда Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев рухани астана атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

«Бұл жұмыстардың барлығы тікелей Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қадағалауымен жүзеге асып отыр. Қазіргі таңда Түркістан қаласы – халықаралық шаралар мен саяси-экономикалық маңызды басқосулар өткізуге толық дайын. Мен түркітілдес елдермен бірге өткізетін айтулы жобаларды күллі түркі жұртының астанасы – Түркістанда өткізуге шақырамын!», – деді облыс әкімі өз сөзінде.

2017 жылы Түркістан қаласы «Түрксой» Халықаралық ұйымының ұйғарымымен «Түркі елдерінің мәдени астанасы» болып жарияланғанын атап өткен Өмірзақ Естайұлы пандемия толықтай аяқталған соң Түрксой ұйымымен бірлесіп, Халықаралық деңгейдегі іс-шараларды рухани шаһарда өткізу туралы жоспарымен бөлісті. Сөз соңында Түркістан облысының әкімі Түркістанды барлық бағытта дамыту жұмыстарына белсене атсалысуға шақырды.

«Түркістан – қазақ жұртына ғана емес, күллі Түркі елдеріне ортақ қасиетті ұғым, рухани орталық. Демек, оның тарихы да, рухани дамуы да бауырлас елдерді ортақ мақсатқа жұмылдыратын бағдар болуы тиіс. Осы мақсатта өтіп жатқан бүгінгі жиынның Түркістанның ашылмаған тарихи құпиялары мен терең тарихын кеңінен тануға мүмкіндік береді деп сенемін. Баршаңызды Түркі жұртының рухани шаһары Түркістанды барлық бағытта дамыту жұмыстарына белсене атсалысуға шақырамын!», – деді Өмірзақ Шөкеев.

Елбасы кітапханасында өтіп жатқан «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» халықаралық онлайн-конференциясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы, Мәдениет және спорт министрлігі және Нұрсұлтан Назарбаев Қорының ұйытқы болуымен ұйымдастырылып отыр.

Конференция барысында 2021 жылғы 31 наурызда өткен Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі бейресми саммитінің тарихи қорытындыларын сараптамалық деңгейде талқылануда. Іс-шараны Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат жүргізді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер