Түркістанның әкімі жеке қабылдау өткізді

23.jpg

 Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов «109 – Бірыңғай байланыс орталығы» арқылы жеке қабылдау өткізді. Бұл туралы Түркістан қаласмы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Қала тұрғындары шаһар басшысының жеке қабылдауына ертеректе жазылған болатын. 30-ға жуық азаматтың жеке байланыс нөмірлеріне хабарласқан Рашид Абатұлы карантин режимі салдарынан жүзбе-жүз кездесу мүмкіндігі болмағанын айтып, тұрғындардан кешірім сұрады. Қала тұрғындары тарапынан жер, архитектура саласы бойынша сауалдар жиі қойылды. Жер алу, жер кезегіне тұру мен кезек реттілігін білу, болашақ жобаны келісу мәселелері бойынша аталған бөлімдермен байланыс орнату қажеттілігі айтылды. Ал, жұмыссыз азаматтардың мәселесі «Халықты жұмыспен қамту орталығы» арқылы жеке қаралып, назарға алынады. Рашид Абатұлы әлеуметтік көмек сұрай қабылдауға жазылған 29 азаматқа демеушілер тарапынан Рамазан айында азық-түлік пакеттері жөнелтілгенін де айтып өтті. Айта кетейік, қала әкімінің жеке қабылдауына жазылу Ғ. Мүсірепов көшесі, №17 ғимаратта орналасқан Түркістан қаласы әкімдігінің «Халықтық кеңсесі» арқылы жүзеге асады. Қала тұрғындары жазылу үшін жеке куәлікпен келулері қажет. Әңгімелесу кезінде жедел шешілетін мәселе болған жағдайда жауапты бөлімдерге тікелей жіберіледі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер