Түркістан полицейлері егістікте есірткі өсірген күдіктіні ұстады

Кентау  ҚПБ-ға  жергілікті тұрғындардың бірінің есірткіні заңсыз өсірумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған жайтты полиция қызметкерлері СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» бойынша тіркеп,  тексеру жұмыстарын бастап кетті. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде  полицейлер есірткі өсіру қылмысына қатысы бар Сауран ауданына қарасты  ауылдың тұрғынын  анықтады. 

image.png

Тәртіп сақшылары ұсталған адамның егістік алқабын  тінту кезінде, алқаптың маңынан  өсірілген есірткіге ұқсас 45-түп өсімдікті тапты. Осыдан соң аталған өсімдіктер тиісті сараптамаға жолданды, нәтижесінде 45 түптің барлығы «марихуана»  өсімдігі болып шықты. Салмағы шамамен 95 грамм.

Полиция қызметкерлері тексеру барысында күдікті деп танылған азаматтың есірткіні өзіне қолдану мақсатында өсіргенін  анықтады. Қазіргі таңда күдікті азаматқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. 

Түркістан облысының полицейлері есірткіні заңсыз өсіру мен таралуына байланысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

image.png

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер