Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері балалардың су көздеріне түсіп кетуінен болатын қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында елдімекендердегі ашық тұрған құдықтарды қадағалап, септик иелеріне бетін жаптырып, қауіпсіздік үшін каналдар мен арықтарда қолдан жасалған өткелдерді алдыру бойынша тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргізіп келеді. Одан бөлек су айдындарындағы демалушылардың жүріс-тұрыс қағидаларын болдырмау мақсатында, төтенше жағдайлар қызметі қызметкерлерімен бірлесіп, рейдтік-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырды.
Аталған тексеру жұмыстарының нәтижесінде 40 құқық бұзушы анықталды. Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабымен "Жалпы су пайдалану ережелерін бұзу" әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Шынында күн ысып, жаз айы келгенде демалысқа шығушылар қатары артып, ойын-сауық құрғандар бос уақыттарында тұрғылықты жерлеріндегі үлкен-кішілі өзен-көлдерге суға шомылу маусымын ашып, тіпті белгіленбеген жерде суға түсіп жатады. Десекте, суға түсерде қауіпсіздік ережелерін естен шығармауымыз керек. Әрбір ата-ана әсіресе балаларды суға шомылуға жалғыз жібермеу қажет, ал шомылуға тыйым салынған жерлерде мүлдем суға түсуге болмайтынын ұғындыруы тиіс.
Құрметті облыс тұрғындары! Егер азаматтармен белгіленбеген орындарда суға түсу деректері анықталса, әкімшілік шара қолданылатынын ескертеміз. Кез келген, су арықтарына, өзен-көлдерге, яғни белгіленбеген орындарға суға түспеңіздер. Балаларыңызға сақтық шараларын айтып, түсіндіріп отырыңыздар. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!
ТО ПД-ның баспасөз қызметі