Бір күнде әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 10 шетелдік анықталды

Түркістан облысында «Заңсыз келуші - 2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Мұндағы негізгі мақсат – шетелдіктердің тиісті құқықтық тәртібін қамтамасыз ету, заңсыз келген және тұрып жатқан шетелдіктерді, сондай-ақ, заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау болып табылады. 

image.png

Аталған іс-шара барысында Сарыағаш ауданында бір күнде  әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Өзбекстан Республикасының 10 азаматы анықталып, хаттама толтырылды. 

Естеріңізге сала кетсек, «Заңсыз келуші - 2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. Сондықтан заңға бірдей бағынайық!

image.png

Өз кезегінде, Түркістан облысының полиция қызметкерлері аталған іс-шарада тек құқықбұзушылықты анықтап қоймай, шетел азаматтары және жұмыс берушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, көші-қон қызметі туралы заңдылықтарды сақтау бойынша ескертеді.

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер