Түркістан облысында заңсыз құм-тас тасымалы анықталды

Түркістан  облысы ПД ЖПҚБ-ның табиғатты қорғау тобының полиция инспекторлары жер қойнауын заңсыз пайдалану деректерін анықтау бойынша әрдайым рейдтік іс-шараларды өткізіп тұрады. Ондағы негізгі мақсат - облыс аумағында табиғат қорғау заңнамаларын бұзуды анықтау, алдын алу жұмыстарын жандандыру. 

image.png

Мәселен Түркістан облысы Сарыағаш АПБ ЖПҚБ Табиғатты қорғау инспекторы, полиция капитаны Бексұлтан Кеңесов рейдтік шара барысында заңсыз құм-тас қоспасын артып алып, тасымалдаған 4 жайтты анықтады. 

image.png

Жинақталған іс-құжаттар құқық бұзушыны көзделген әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін, Экология департаментіне жолданды. 

Түркістан облысының полиция қызметкерлері жер қойнауын заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын айтып, заңсыздыққа бармауға және жол бермеуге шақырады! 

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алмас Кішкенбаев: Мені кінәлап тастайды. Қайдағы біреу
  • Түркістанда бюджет қаражатын жымқырған білім бөлімінің басшылары сотталды
  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер