Сарыағаш АПБ-ға Кентау қаласының тұрғыны хабарласып, өзіне тиесілі қараусыз тұрған үйіне белгісіз біреулер кіріп, құны 10 200 000 теңге болатын тұрмыстық заттарын жымқырып кеткенін айтып көрсеткен.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша СДТБТ-ға тіркеп, іздестіру жұмыстарын бастап кетті. Сарыағаштық жедел уәкілдер тобы күдіктіні анықтауға барлық күшті жұмылдырды. 1 ай бойы жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, күдікті ретінде Сарыағаш қаласының тұрғынын ұстады. Осы уақыт аралығында ол қылмысын жасыру үшін бой тасалап қашып жүрген. Ұсталған азамат ұрлық жасағанын мойындады. Айғақты зат ретінде полицейлер одан ұрланған мүліктің бір бөлігін, яғни тұрмыстық заттарды тәркілеп, заңды иесіне қайтарып берді.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Ер адамның басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуды және өз мүлкін қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Егер сіз біреудің мүлкін тонаудың немесе ұрлаудың құрбаны, куәгері болсаңыз тез арада полицияға 102 нөміріне хабарласыңыз.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі