Түркістан облысының полицейлері синтетикалық есірткіні сақтады деген күдікпен жас қызды ұстады

Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі қылмысының алдын алу мен болдырмау жұмыстарын тұрақты жүргізіп, бұл мәселені күн тәртібінен түсірген емес. Осы бағыттағы жұмыс күнінің бірінде полицейлер Сайрам ауданында өзімен бірге есірткі алып жүрген азаматшаны ұстады.

image.png

Нақтырақ айтар болсақ, ТО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына белгісіз тұлғадан есірткіге байланысты хабарлама келіп түседі.  Ақпарат алысымен тәртіп сақшылары бірден әрекет етеді. 

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлермен Сайрам ауданы ауылдарының бірінде жол бойында күдікті жас қыз анықталды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Тексеру кезінде әйелдің қол сөмкесінен пакетке оралған ішінде есірткіге ұқсас заты бар 6 дана орама табылды. Болған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша СДТБТ-ға тіркелді. 

image.png

Полицейлер тәркіленген айғақты затты сараптамаға жолдады. Оның қорытындысы бойынша есірткіге ұқсас заттың жалпы салмағы 3 грамнан асатын «синтетикалық есірткі» заты болып шықты. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысы оқиғаның толық мән-жайын анықтайтын болады. 

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері есірткіні заңсыз сақтап, таратқаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Егер сіз осындай қылмыстардың куәгері болсаңыз немесе есірткі құралдарының заңсыз айналымы туралы қандай да бір ақпаратты білсеңіз, тез арада полицияның 102 телефонына хабарласыңыз

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер