Ағымдағы жылдың шілде айының 05-12 күндері аралығында Республика көлемінде «Заңсыз келуші-2021» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шараның негізгі мақсаты - облыс аумағындағы шетелдіктерді тиісті құқық тәртібімен қамтамасыз ету, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, оған қоса заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау. Сонымен қатар ҚР-на келу, ҚР-да болу, ҚР-нан кету ережелерін сақтау болып табылады.
Аталған шара барысында Мақтаарал АПБ-ның көші-қон қызметі бөлімшесінің қызметкерлері Мақтаарал ауданында жалпы 21 заңсыз жұмыс істеп жүрген шетел азаматтарын анықтап, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ал жұмыс беруші ҚР 2 азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы «Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту» бойынша хаттама түзілді.
Өз кезегінде, Түркістан облысының полиция қызметкерлері аталған іс-шарада тек құқықбұзушылықты анықтап қоймай, шетел азаматтары және жұмыс берушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, көші-қон қызметі туралы заңдылықтарды сақтау бойынша ескертеді.
ТО ПД-ның баспасөз қызметі