Түркістан облысында жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды

Күнделікті жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, түрлі жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында патрульдеу қызметтеріне шыққан Жетісай АПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің патрульдік полиция тобының инспекторлары күндізгі сағат 10:30 шамасында Асықата кенті көшелерінің бірінде жүрісі күдік тудырған «Toyota Camry» маркалы көлікті байқап, тоқтатады. Тексеру кезінде көліктің ішінен спирттік ішімдіктің ыдысы табылды. Сондай-ақ жүргізушінің ішімдік ішкеніне күмән туындап, медициналық куәландырудан өткізіледі. Нәтижесінде тұрғынның «орта дәрежелі» мас халде екені  белгілі болды.image.png

Полицейлер аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша тіркеді. Көлік айыптұраққа қойылды. Жинақталған іс-құжаттар заңды шешім шығару үшін аудандық сотқа жолданды. Жетісай аудандық соты ішімдік ішіп көлік құралын басқарған жүргізушіні ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша кінәлі деп танып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуға, сонымен қатар 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыруға үкім етті.

Осы тұста полицейлер көлік жүргізушілеріне ескертеді: жылдамдықты асырмаңыздар, ащы суды ішіп, рульге отырмаңыздар. Жолға шыққанда барлық құжаттарыңызды талапқа сай етіп алып жүріңіздер!

image.png

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер