Карантин талаптарының орындалуы қадағалауда

Түркістан облысында карантин режимін сақтау бойынша тәртіп сақшылары жіті қадағалауда. Яғни профилактикалық, рейдтік жұмыстарды жүргізіп, қаулыда көрсетілген басымдықтардың орындалуына баса мән беріп келеді.  

image.png

Мәселен Сарыағаш АПБ Жергілікті полиция қызметінің  учаскелік полиция инспекторлары Құркелес ауылында бассейннің карантиндік талаптарды сақтамағандығын анықтады. 

Кәсіпкерлік нысанның иесіне заңды шешім қабылдау үшін жинақталған құжаттар Сарыағаш аудандық СЭББ-ға жолданды.

image.png

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері барлық азаматтарға карантин кезінде сақтық шараларды ұстанып, адамдар көп шоғырланған жерлерге бармауды, басқосулар мен той-жиындарды жасамауды ескертеді. Карантин ескерілмей, құқық бұзушылыққа жол берілген жағдайда, заң аясында жауапкершілік қарастырылған. Сондықтан немқұрайдылық танытпай, өз саулықтарыңыз үшін карантин талаптарын ұстанғандарыңыз жөн.

image.png

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер