Түркістан облысының полицейлері 250-ден астам түп есірткіні тәркіледі

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Түркістан ҚПБ-ның полиция қызметкерлері Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, заңсыз есірткі еккен күдіктіні құрықтады. Күдікті ер адам өз пәтеріне тиесілі жер телімінде құрамында есірткісі бар өсімдік түптерін ірі мөлшерде өсірген.

image.png

Түркістандық тұрғынның үйін тінту кезінде жедел уәкілдер күтіп-бапталған, ерекше иісі бар, есірткіге ұқсас 255 түп өсімдікті тауып, тәркіледі. Сараптама тағайындалды. Оның қорытындысымен алынған есірткінің "марихуана" екені анықталды.

Аталған жайт Түркістан ҚПБ СДТТБТ-ға ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігі "Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру" бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

image.png

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары күдіктінің құрамында есірткісі бар өсімдіктерді не себеппен өсіріп, сақтағанын анықтауда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері аталған баптың санкциялары үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды қарастыратынын ескертеді. Егер сіз осындай қылмыстың куәгері болсаңыз, тез арада «102» телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.

image.png

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алмас Кішкенбаев: Мені кінәлап тастайды. Қайдағы біреу
  • Түркістанда бюджет қаражатын жымқырған білім бөлімінің басшылары сотталды
  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер