Түркістан облысының полицейлері жоғалған 7 жасар баланы тауып, алғыс алды

Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданады. Әйел өз сөзінде, көрші ауылдағы сіңлісінің үйіне ұлымен қыдырып барғанын, осы сәтте 2014 жылғы ұлы өзге балалармен ойнап жүріп, аяқасты хабар-ошарсыз кеткенін жеткізеді. Тапа-тал түсте ұлын  ұшты-күйлі жоғалтып алған ана, бар үміті полицейлерде екенін хабарлайды. 

image.png

Бұл жайтты бәйдібектік  полицейлер, бірден тіркеуге алып, бұл ауылдың ой-қырын толық білмейтін жоғалған баланы іздеп табу үшін сол аумаққа бекітілген учаскелік инспекторлар жұмылдырылды. 2 учаскелік инспекторлардың екі жақтап жедел-іздестіруінің арқасында 7 жасар жеткіншек 1,5 сағатта табылды. 

Белгілі болғандай жоғалған бала көше бойында ойнап жүріп, адасып кеткен. Қазіргі таңда бала жақындарына қайтарылды. Ұлымен аман-есен қауышқан анасы, баланы іздестіруде шапшаңдықпен әрекет еткен полиция қызметкерлеріне ізгі ықыласын білдіріп, рақметін айтты. 

image.png

- Күндізгі уақытта баламды ойнап жүрген жерінен таппай қалдым. Ары іздеп, бері іздеп таппаған соң полицейлерге хабарластым. Ал полицейлер баламды дер кезінде тауып берді. Полиция қызметкерлеріне үлкен рақметімді айтамын! - деді анасы.

Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері азаматтарға балаларыңызға абай болыңыздар, сыртқа шыққанда қараусыз қалдырмаңыздар деп ескертеді.

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер