Түркістан облысының патрульдік полицейлері автокөліктері жолда жүрмей қалған қос жүргізушіге көмекте

Шардара АПБ ЖПҚ патрульдік полиция тобының қызметкерлері рейдтік іс-шаралар кезінде жол жиегінде тоқтап тұрған «Мазда» маркалы автокөлігін байқады. Тәртіп сақшылары бірден жүргізушінің жанына жақындап, көмек қажет пе? деп сұрайды. Жүргізуші көліктің тоқтап қалғанын, өз бетінше жөндеуге тырысқанымен, әрекеті сәтсіз болғанын айтады.

image.png

Сол мезетте қызметте жүрген Шардара АПБ-ның 3 бірдей патрульдік полицейі полиция аға лейтенанттары Руслан Мырзабаев, Марат Бердалиев пен Дамир Қоғабаевтар автокөлікті тексеріп, жөндеуге болатынын айтып, қажетті көмекті көрсетеді. 

Осылайша патрульдік полицейлер жүргізушіге көмектескен соң, одан әрі қарай патрульдеу кезінде тағы бір көлікке кезігеді. 

image.png

Яғни «Ауди» маркалы автокөлігі бұзылып тұр екен. Полицейлер жақындап келіп, көлікті қарап шығып, міндетті түрде жаңа бөлшек салу керектігін жүргізушіге түсіндіреді. Осыдан соң полицейлер жүргізушіні автобөлшектер сататын дүкенге дейін жеткізіп салады. 

Полицейлердің керек кезінде көмек көрсетіп, жәрдем бергеніне қос көліктің жүргізушілері алғыстарын айтты. 

Өз кезегінде Шардара ауданының патрульдік полицейлері: 

- «Қызметіміз жолда болған соң, мұндай жағдайлармен жиі ұшырасамыз. Бір жағынан ер азамат болғандықтан бұзылған көліктің жайын түсініп, ұсақ жөндеу жұмыстарын жасай береміз.  Сондықтан жолда қалып қойған көлікті көрсек, қолдан келгенше көмектесуге тырысамыз!» - дейді.      

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер