Түркістан облысының полицейлері жергілікті тұрғынның автокөлігінен ұялы телефон ұрлаған күдіктіні ұс

Ордабасы АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келді. Ол азаматтың айтуынша күндізгі сағат 15:00 шамасында үйінің алдында тұрған «Форд фокус» маркалы автокөлігінің ішіндегі тұрған «Самсунг А6» ұялы телефонын жасырын жымқырып, жалпы 50 000 теңге шығын келтірген. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша СДТТБТ-ға тіркеді. 

image.png

Орын алған ұрлық қылмысын ашып, күдіктіні ұстау мақсатында аудандық полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары көрген-білгендерден жауап алып, қажетті шаралардың барлығын іске асырды. Жан-жақты тексеру жұмыстарының арқасында, күдікті азамат өз үйінен ұсталды. Ол жәбірленушінің көршісі болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азаматтың бас шарасы қолхатта.

Белгілі болғандай жәбірленуші азамат егістік алқапта жайылып жүрген малдарын көріп келіп, автокөлігін көршісінің есігінің алдында өсіп тұрған талдың көлеңкесіне қалдырып, үйіне кіріп кеткен. Автокөліктің терезе, есігінің ашық тұрғанын көрген күдіктінің арам ойы туындайды. Осылайша ұялы телефонды алып, үйіне жасырып қойған. 

image.png

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға сақ болуды ескертеді. Автокөліктеріңіздің есік, терезесін жауып, дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді. Егер, сіз, осындай ұрлық жайтының құрбаны немесе куәгері болсаңыз тез арада «102» нөмірі арқылы полиция қызметкерлеріне хабарласыңыз.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер