Алаяқтардан абай болыңыз!

Сарыағаш АПБ қызметкерлері аудан аумағында интернет алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында адам көп шоғырланатын жерлерге жадынамалар таратты. Атап айтқанда «Дәулет», «Алып» базарларында және автовокзалдарда болып, профилактикалық жұмыстар жүргізді.

image.png

Сарыағаш ауданы тұрғындарына интернет алаяқтардан абай болу керектігі түсіндірілді және өз жинақтарына ұқыпты болуы қажеттігі талап етіледі. Сонымен қатар, алаяқтардан сақ болудың қарапайым қауіпсіздік шараларын қолданып, дербес деректерді, пластикалық карталардың мәліметтерін, кодтарды және құпия сөздерді ешкімге хабарламауға, белгісіз әрі тексерілмеген сайттар арқылы алдын ала төлем жүргізбеуге, күмәнді мәмілелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асырмауға, ұялы телефон мен компьютерге белгісіз қосымшаларды орнатпауға және спам хабарламаларға сенбеу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Интернет алаяқтық қылмыстың алдын алу мақсатында 250 дана хабарландыру парақшалары таратылды және адам көп шоғырланатын орындарға 150 жадынама ілінді. Алаяқтардан абай болыңыз!

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алмас Кішкенбаев: Мені кінәлап тастайды. Қайдағы біреу
  • Түркістанда бюджет қаражатын жымқырған білім бөлімінің басшылары сотталды
  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер