Түркістан облысында карантин талаптарын өрескел бұзған тұрғындар анықталды

Түркістан облысының полиция қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын қатаң бақылауда. Арнайы құрылған мобильді топ құрамында жүрген тәртіп сақшылары күні-түні рейдтер жүргізіп, бас мемлекеттік санитариялық-дәрігерінің карантин режимін сақтау бойынша нұсқауына сәйкес тиісті жұмыстарды атқарып келеді. 

image.png

Мәселен, Сарыағаш АПБ-ның қызметкерлері Сарыағаш ауданы Шымкент-Жетісай тас жолының бойында орналасқан дәмхананың әкімшісі болып жұмыс жасайтын тұрғыны елімізде короновирус індетінің таралуына байланысты белгіленген карантин режимін және шектеу шараларын сақтамай, заң бұзушылыққа жол берген. Яғни кафенің қызметшілерінің маскалық режимде қызмет атқаруын қамтамасыз етпей, қағидаларды бұзған. Осындай жайтты бірнеше дүкен мен дәмхана иелерінің өрескел бұзғандығы анықталды. Сонымен қатар қала орталығында орналасқан тойхананың бірінде бесік тойы өткен. Аталған жиынға  шамамен 40-тан астам адам  жиналған. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу» бойынша жинақталған құжаттар аудандық СЭББ-ға шара көру үшін жолданды.

image.png

Түркістан облысының полицейлері карантин талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Карантин кезінде той-жиындар, басқосулар, отбасылық, мерекелік, ұжымдық іс-шараларды ұйымдастыруға тыйым салынған. Оған қоса бетперделік режим мен арақашықтықты үнемі сақтау міндеттеледі. Сондықтан заңға баршамыз бірдей бағынайық!

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер