Түркістан облысының полицейлері ел аумағына заңсыз кірген шетелдікті Семей қаласынан ұстады

Сарыағаш АПБ-ның полиция қызметкелері аудан аумағындағы шетелдіктердің тиісті құқық тәртібін қамтамасыз ету, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, оған қоса заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау, Қазақстан Республикасы аумағына келу, болу, кету ережелерін сақтау мақсатында жедел-профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп отырады.

 image.png

Осындай шара барысында Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында орналасқан айналма тас жолы арқылы ҚР-ның аумағына заңсыз кіріп кеткен Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады. Ол жұмыс жасау мақсатында Семей қаласында жүрген жерінен анықталды. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 392-бабы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту» бойынша СДТТБТ-ға тіркеді. 

Түркістан қаласының полицейлері көші-қон заңдылықтарын қатаң сақтауға шақырады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында жазылған талаптарға қатысты құқықбұзушылық орын алған жағдайда жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді! 

image.png

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер