Түркістан облысының полицейлері ер адамды бопсалаған әйелді ұстады

Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Жас жігіттің айтуынша, оған облыс орталығындағы қонақүйдің бірінде өзіне массаж жасаған әйел қоқан-лоққы көрсеткен. Яғни ол әйел жас жігітке жала жауып, бопсалап, 500 000 теңге ақша талап еткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 194-бабы 1-бөлігімен «Қорқытып алу» тіркеуге алынған. 

image.png

Ақпарат алысымен тәжірибелі түркістандық полицейлер жедел әрекетке көшеді. Нәтижесінде келесі күні аталған қонақүйде массаж жасаушы әйел арызданушы жас жігіттен ақша алып жатқан жерінен ұсталды. Оқиға орнынан айғақты зат ретінде 200 000 теңге алынды. Күдікке ілінген жас әйел жергілікті тұрғын болып шықты.  Бас шарасы «қолхатта». Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары әйелдің басқа да істерге қатысы бар-жоғын  анықтауда. 

image.png

Осы тұста Түркістан облысының полицейлері азаматтарға әр түрлі алаяқтардың айла-амалдарына түспеу үшін қырағы болуға шақырады. Таныс емес адамдарға сенбеңіз. Сақ болыңыз және күмәнді қызметтерді ұсынатын адамдардан оңай пайда табуға үміттенбеңіз. Егер сіз, алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға «102» телефоны арқылы хабарласыңыз.

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер