Түркістан облысының полицейлері дүкенге ұрлыққа түскен күдікті әйелді ұстады

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші азаматтың айтуынша өзінің дүкенінен күндізгі сағат 11:30 шамасында белгісіз азамат ұрлыққа түскен. Осылайша күдікті түрлі азық-түлік өнімдерін ұрлап, жалпы 11 000 теңгеден астам шығын келтірген. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша СДТТБТ-ға тіркеді. 

image.png

Орын алған қылмысты ашу мақсатында Түркістан ҚПБ-нің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылып, күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды іске асырды. Куәгерлерден сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Осылайша тәртіп сақшылары ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басын анықтады. Күдікті әйел тәулік ішінде ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті әйелдің бас шарасы қолхатта. 

Белгілі болғандай күдікті дүкен ішіне кіріп, өзіне қажетті заттарын себетке салып, есік алдына алып барып қойған. Содан соң басқа да заттарды алып, кассаға ақшасын төлеп, есік алдында тұрған себетті қосып алып шығып кеткен. 

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлықтың алдын алу үшін барлық қажетті сақтық шараларын сақтауды ескертеді.Үйлеріңізге мүмкіндігінше бейнебақылау камералары мен дабылқаққыш орнатыңыздар. Сондай-ақ есіктеріңізге берік құлыптар, терезелеріңізге темір торлар жасатыңыздар.

image.png

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер