Түркістан облысында полицейлер заңсыз ойынхананы анықтады

Сарыағаш ауданының полицейлері тәулік бойы қылмыстардың алдын алу, болдырмау, карантин талабының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс жүргізуде. Осындай кезекті профилактикалық-рейдтік іс-шара кезінде Сарыағаш АПБ-ның полицейлері Сарыағаш қаласы, Жібек жолы-Жетісай тас жолының бойындағы ғимараттардың бірінде таңғы сағат 04:00 шамасында букмекерлік кеңсенің заңсыз жұмыс істеп тұрғанын анықтады. 

image.png

Хабарлама бойынша оқиға орнына Сарыағаш АПБ-нің жедел-тергеу тобы шұғыл жетті. Тексеру барысында, ойынхананың ішінде заңсыз құмар ойыны ойнатылып жатқаны анықталды. 

Сондай-ақ ойынханада оператор болып жұмыс жасап тұрған жас әйел айқындалды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Ғимаратты тінту кезінде айғақты зат ретінде 2 дана ойын автоматы, 5 дана жүйелік блок және чек басып шығаратын кассалық аппараты тәркіленіп алынды. Ойынханадан алынған айғақты заттарға сараптама тағайындалды. Қазіргі таңда, күдіктінің бас шарасы ешқайда кетпеу туралы қолхатта. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 307-бабы «Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» бойынша тіркеді, бүгінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Карантин талабын сақтамай, белгіленген шектеулерге қарамастан келушілерді қабылдаған ойынхана қызметкеріне ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау үшін тиісті мекемеге жолданды.

Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері тұрғындарға заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырудың соңы, қылмыстық жауаптылыққа әкеліп соғатынын ескертеді. Және кәсіпкерлерге карантин талаптарын, яғни бетперделік режим мен арақашықтықты сақтауды, әсіресе заңсыз ойынханалар ашып, жастардың санасын улауға жол бермеуді кеңес етеді.

image.png

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер