Кентау ҚПБ-ға жергілікті тұрғын әйел арызданды. Оның айтуынша тұрғылықты мекенжайының подьезінде тұрған 1 дана самокатты белгісіз біреулер жымқырып кеткенін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын 30000 теңгені құрады. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша СДТТБТ-ға тіркеді. Оқиғаның мәнжайын анықтау үшін жедел уәкілдер тобы көрген білген куәгерлерден жауап алды.
Сондай-ақ полицейлер жақын маңдағы бейнекамераларды тексеріп, қажетті деген іс-шаралардың барлығын атқарды. Нәтижесінде тәулік ішінде күдікті ретінде жергілікті тұрғын анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда күдікті азаматқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар қолды болған самокат заңды иесіне қайтарылды. Полицейлердің нәтижелі жұмысына тәнті болған жәбірленуші әйел үлкен алғысын білдіріп жұмыстарына сәттілік тіледі.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға бағалы заттарына абай болуды ескертеді. Ұрлықтың алдын алу үшін барлық қауіпсіздік шараларын жасауға кеңес береді.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі