Түркістан полицейлері танысының 150 қап күрішін сатып жіберген алаяқты ұстады

Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып алаяқтың құрбаны болғанын айтып арызданған. Оның айтуынша танысы  150 қап күрішін аудандағы  дүкендерге апарып  сатып беремін деп  сендірген.  Алайда танысы күрішті алған сәтте хабарсыз кеткен. 

image.png

Өзінің алданғанын сезген  жәбірленуші  бірден полицейлерден көмек сұраған. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша СДТТБТ-ға тіркеді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1.100 000 теңге.

Осындай алаяқтық жолмен тұрғынды алдап, өзінің құрығына түсірген алаяқты  ұстау үшін тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Куәгерлерден жауаптар алынды. Күдіктінің баруы мүмкін деген жерлер мұқият тексерілді. Соның нәтижесінде полицейлер күдіктіге қатысы бар жергілікті тұрғынды ұстап полиция бөліміне жеткізді.

Бүгінде орта жастағы күдікті азамат өз кінәсін толықтай мойындады. Сондай-ақ күдікті оңай жолмен ақша тауып, өз қажеттілігіне жаратқан. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жалғасуда. Ұсталған ер азаматтың бас шарасы қолхатта.  

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға алаяқтардың айласына алданбай, барынша абай болуды ескертеді. 

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер