Түркістан облысының полицейлері тұрғынның алтын жүзігін ашық түрде жымқырған күдікті азаматты анықта

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғынның бірі арызданып келген. Оның айтуынша қала базарларының бірінде жұмыс іздеп жүрген жерінен белгісіз азамат қолындағы алтын жүзігін ашық түрде жымқырып кеткен. Жәбірленуші азаматқа келтірілген жалпы шығын көлемі 65 000 теңге. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.

image.png

Орын алған қылмысты ашу және күдіктіні ұстау мақсатында Түркістан ҚПБ-ның тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер оқиға орнын тыңғылықты тексеріп, куәгерлерден сұрастырып, жақын аралықтағы аумақтарды көріп шықты. Нәтижесінде полицейлер күдікті ер азаматты қала көшелерінің бірінен ұстады. Ол бұрын ұрлық жайты бойынша сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азаматтың бас шарасы қолхатта.

Тәртіп сақшыларының анықтауынша, күдікті базар маңында өз шаруаларымен жүрген. Содан соң жәбірленушінің қолындағы жүзігін байқап, оны әңгімеге тартқан. Осылайша қолындағы жүзігін шешіп беруін сұрап, оны ала сала қашып кеткен. Қолды еткен алтын жүзікті қала ішіндегі ломбардтардың біріне өткізіп, ақшасын бас пайдасының қажеттілігіне жұмсап жіберген. 

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға өз бағалы заттарыңызға, қол сөмкелеріңізге сақ болыңыздар деп ескертеді. Тонау, ұрлық, қарақшылық жайттары орын ала қалса, тез арада полицияның «102» телефонына хабар беріңіздер. Уақытында берілген ақпарат қылмыстың «ізін суытпай ашуға» толық мүмкіндік береді. 

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер