Түркістандық полицейлері досының атынан несие алған күдіктіні анықтады

Сайрам АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Оның айтуынша досы өзінің атынан алаяқтық жолмен онлайн несие алған. Жәбірленуші азаматқа келтірілген жалпы шығын көлемі 85 000 теңге. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша СДТТБТ-ға тіркеді. 

image.png

Арызданушының арызына сәйкес, орын алған алаяқтықты анықтау мақсатында Сарыағаш ауданы полицейлері қажетті іс-шараларды жүргізді. Куәгерлерден жауап алып, жиналған ақпарат көздері арқылы полицейлер осы қылмысқа қатысты күдіктіні өз үйінен ұстады. Ол жергілікті тұрғын, жас жігіт болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бас шарасы «қолхатта». 

Белгілі болғандай күдікті азамат досының электр қуатының есептегішін тексеріп беретінін айтып, алаяқтық жолмен сеніміне кіру арқылы жеке куәлігін алған. Содан соң банктердің бірінен онлайн несие алып, ақшасын бас пайдасының қажеттілігіне жұмсаған. 

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға өзіңізге қатысты жеке, құпия сандарды ешкімге бермеңіздер деп ескертеді. Таныс емес тұлғаларға сенбеңіздер. Банктік карточкаларыңыз бен жеке куәлігіңізге, жалпы құжаттарыңызға ұқыпты болыңыздар. Егер, осындай интернет-алаяқтықтың куәсі немесе құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» телефонына хабарласыңыз.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер