Мақтаарал АПБ-ның қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түрлі іс-шараларды іске асырады. Мәселен Мақтаарал АПБ жергілікті полиция қызметінің патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Ескендір Жұмабеков қызмет атқару кезінде, сағат 18:00 шамасында қауіпсіздік белдігін тақпай келе жатқан «Audi 100» маркалы көлікті тоқтатты. Содан соң жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында оның мас күйіне күмәнданып, медициналық сараптама тағайындады. Сараптама қорытындысына сәйкес автокөлік жүргізушісінің мас күйі расталды.
Полиция қызметкерлері аталған жайтқа байланысты күдікті азаматты қамауға алып, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы « Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Сонымен қатар заңды шешім қабылдау үшін, жинақталған іс-құжаттар Мақтаарал аудандық сотына жолданды.
Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлікке мас халде отырмаңыз, бұның соңы жазатайым оқиғалар мен өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Қашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтау, жылдамдықты асырмау және қарсы жолаққа шықпау қажет. Жүргізушілер, үнемі жол қауіпсіздігі ережесін орындаса, тәртіпке бағынса, өз өмірі мен жолаушылардың өмірін сақтайтынын есте шығармағаны жөн.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі