Түркістан полицейлері танысының атынан заңсыз несие рәсімдеген әйелді анықтады

Кентау  ҚПБ-ға  жергілікті тұрғын шағым түсіріп, өзінің бұрынғы танысын қылмыстық жауаптылыққа тартуды сұраған. Әйелдің айтуынша, ескі танысы  оның атынан  заңсыз 90 000 теңге несие алған. Бүгінде бұл қарыз өсіп кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің  190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

image.png

Жедел-іздестіру шараларына кіріскен полицейлер осы құқық бұзушылықты жасаған жас әйелді табуға қажетті шараларды жүзеге асырды. Соның нәтижесінде алаяқтыққа қатысы бар Сауран ауданының тұрғынын ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Ол өз кінәсін толық мойындады. 

Белгілі болғандай,  күдікті жас әйел  өзінің басқа банктегі қарызын жабу үшін, танысының  жеке мәліметтерін пайдаланып, оның ұялы телефоны арқылы несиеге ұсыныс жіберген. Содан мақұлдаудан кейін, ақшаны өзіне аударып алған. Бүгінде күдіктінің  бас шарасы «міндеттемеде». 

Барлығыңызға мәлім, алаяқтықтың бүгінгі таңдағы жаңа түрі – ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты интернет-алаяқтық болып отыр және оның түрлері де күн өткен сайын кең таралып, көбейіп келеді. Яғни  бұл жерде қылмыскер компьютер, смартфон, планшет секілді заманауи құралдардың көмегімен интернет арқылы жымысқы әрекеттерді жасайды. Сондықтан барынша сақ болыңыз! Кез келген адамға сенбеңіз, өзіңізге ғана белгілі құпия сандарды ешкімге айтпаңыз.

Қандай да бір алаяқтықтың куәсі не құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» нөміріне хабар беріңіздер.

ТО ПД-нің  Баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер