Түркістан полицейлері су бұрғылау құрылғысын жымқырған күдіктілерді ұстады

Сарыағаш АПБ-ға кәсіпкер, яғни жергілікті тұрғын хабарласып арызданған. Оның айтуынша түнгі уақытта  белгісіз біреулер құны 330 000 теңге болатын су бұрғылау құрылғысын жымқырып кеткен.

image.png

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» боынша тіркеп, шұғыл  оқиға орнына жетті. Сондай-ақ полицейлер  ұрлықтың   қалай болғанын анықтады. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде білікті полицейлер  1 апта  ішінде 3 бірдей күдіктіні ұстады. Тәртіп сақшылары күдікті деп танылған орта жастағы 3-еуді полиция бөліміне жеткізді. 

Белгілі болғандай күдікті 3 азамат жәбірленушінің үйінде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқанын көріп, сырттай бақылап жүрген. Осылайша күдіктілер оңтайлы сәтті күтіп, өз арам ойларын жүзеге асырған. Бүгінде ұрланған құрал толықтай заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда. 

Өз кезегінде Түркістан облысы полиция қызметкерлері азаматтарға қырағы болуды ескертеді. Егер сіз бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияның «102» нөміріне хабарласыңыз.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер