Арыс АПБ-ға жергілікті тұрғын, яғни қойманың иесі арызданып келген. Ол Арыс қаласы көшелерінің бірінде орналасқан қоймасындағы кассадан ақша ұрланғанын айтып, жеткізді. Осылайша жәбірленуші азаматқа келтірілген жалпы шығын көлемі 13 000 теңге. Полиция қызметкерлері арызды бірден ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.
Орын алған қылмысты ашу мақсатында Арыс АПБ-ның тәжірибелі қызметкерлері оқиға болған жерге шықты. Толық тексеріп, күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды іске асырды. Куәгерлермен тілдесіп, бейнебақылау камераларын жіті тексерді.
Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдікті ретінде Арыс қаласының тұрғыны, яғни жас жігітті ұстады. Қолға түскен күдікті сол қоймада жұмысшы болып істеген. Ол өзі жұмыс істейтін қойманың ішіне заңсыз кірген. Осыдан соң кассада тұрған ақшаны алып, Шымкент қаласына қарай бағытталған таксиге отырған.
Оның іске қатысы барын және күдікті екенін анықтаған арыстық полицейлер оны сол отырған таксиінен ізін суытпай ұстады.
Осылайша Шымкент қаласына қарай кетіп, ізін жасырмақшы болған күдіктінің арам ойы іске аспай қалды. Бүгінде жас жігіт өз кінәсін мойындады. Қазіргі таңда қамауда.
Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлықтың алдын алу үшін, барлық қажетті сақтық шараларын сақтауды ескертеді. Сондай-ақ есіктеріңізге берік құлыптар, терезелеріңізге темір торлар жасатыңыздар.
ТО ПД-ның баспасөз қызметі