Түркістан ҚПБ-ның көші-қон қызметі бөліміне егде жастағы азаматша жеке басын құжаттандыруға өтініш білдірген. Ол 2003 жылы Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына көшіп келіп, құжаттарын жоғалтып алған. Содан бері 18 жыл бойына құжатсыз жүрген. Өтінішті алысымен көші-қон полицейлері бірден тіркеуге алып, шұғыл түрде Бағдагүл Өтебаеваның құжаттарын рәсімдеді. Нәтижесінде аз ғана уакыттың ішінде тәртіп сақшылары апаның жеке басын анықтайтын төлқұжатын жасап берді. Ол өзінің жаңа төлқұжат алғанына қуанып, көші-қон полицейлеріне ыстық ықыласын білдірді.
Өз сөзінде Бағдагүл Өтебаева: «Мен осы құжаттарымды алу үшін өтініш білдірген едім. Полиция қызметкерлеріне үлкен рақмет. Жасымды сыйлап, аз уақыттың ішінде бітіріп берді. Жұмыстарың алға баса берсін.»,- деді.
Құрметті облысымыздың тұрғындары! Полиция департаментінің осы бағыттағы жұмыстары өз жалғасын әрі қарай таба бермек. Өздеріңіздің құқықтық мәртебелеріңізді айқындау бойынша сұрақ туындаған жағдайда, сіздер, тұрғылықты мекен жайыңыз бойынша көші-қон қызметіне жүгінуіңізге болады!
ТО ПД-нің баспасөз қызметі