Ішкі істер органынан зейнеткерлікке шыққан кәсіби маман

Мақтаарал АПБ-ның бастығы полиция полковнигі Әділбек Сапарбеков пен жеке құрам қызметкерлері ҚР ІІО-да өз қызметін абыроймен атқарған полиция майоры Сапарбай Жамалдиновты құрметті зейнеткерлік демалысқа шығарып салды. Бөлімде арнайы шара ұйымдастырылып, ардагерге сый-сияпаттар табысталды. 

image.png

Сапарбай Жамалдинов  алғашқы еңбек жолын 1995 жылы Арыс қалалық полиция бөлімінде тергеуші болып бастаған. Ол өз қызметінде талай атышулы істерді абыроймен, кәсіби шеберлікпен ашып, басшылық тарапынан марапат-мадақтарға ие болған. Өзінің кәсібилігімен қызметке жаңадан орналасқан жас мамандарға үлгілі ұстаз бола білді. Әрдайым қызметте қажетті ақыл-кеңестерімен бөлісіп, әріптестерінің шыңдалуларына септігін тигізді. 

Абыроймен құрметті демалысқа шыққан қызметкерге Мақтаарал АПБ-ның бастығы полиция полковнигі Әділбек Сапарбеков: «Ардагерін қазынасына теңеген қазақ әрқашан үлкенге қарап бой түзеп, алдыңғы буынға ілтипат көрсетіп жүреді. Үлкенін құрметтеген елдің еңсесі биік, керегесі кең. Сондықтан Мақтаарал АПБ-да жыл сайын құрметті демалысқа шыққан қызметкерлерге сый-құрмет көрсетіліп, зейнеткерлікке шығарып салу дәстүрі тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.  Осы тұрғыда ҚР Ішкі істер қатарында қызмет атқарып, зейнеткерлікке шыққан Сапарбай Жамалдиновқа демалысыңыздың әр күні шалқыған шаттыққа, ұл-қыздардың ортасында балқыған бақытқа толып, бақытты ғұмыр кешіңіз деп  тілейміз», - деп өзінің жүрек жарды лебізін жеткізді. 

Сондай-ақ карантин режимін қатаң сақтай отырып, Атакент кентінде орналасқан спорт алаңдарының бірінде жеке құрам арасында кіші фудбол түрі өткізіліп, жеңімпаз командалар марапатталды. 

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер