Түркістан облысының полицейлері есірткіге қатысты қылмыстардың алдын алып, болдырмау мақсатында бірқатар рейдтік-профилактикалық іс-шараларды өткізуде. Осы тұста ТО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына Қазығұрт ауданында орналасқан демалыс орындарының бірінде бәйдібектіік азаматшаның психотропты есірткі затын тұтынып және өзімен бірге тасымалдап жүргені туралы жедел ақпарат түскен. Хабарды алған кәсіби шеберлігі басым, қырағы полицейлер жүйелі жұмыс жүргізіп, күдіктіні анықтап, тексерді.
Тексеру барысында оның қол сөмкесінің ішінен 3 дана пакетке салынып, изолентаға оралған ақ-сары түсті психотроптық есірткіге ұқсас зат, 2 ампула «Медакс» таблеткасы және 7 дана шприц тәркіленіп алынды. Қазіргі таңда күдікті азаматшаға қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сот-сараптамасы тағайындалды. Сараптама қорытындысымен алынған өсімдік 1 грамға жуық синтетикалық есірткілер «Эфедрон және Мефедрон» болып шықты.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері облыс тұрғындарына ескертеді: Есірткі атаулыға мүлде жоламаңыздар! Өз саулықтарыңыз үшін салауатты өмір салтын қалыптастырып, жаман әдеттерден аулақ болыңыздар. Ал Түркістандық тәртіп сақшылары осы қылмысқа тосқауыл қою мақсатында, алдағы уақытта да табанды жұмыс жүргізе бермек.
ТО ПД-ның баспасөз қызметі